ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

ЖОНГАР-АЛАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК Zhongar-Alatau State National Natural Park

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірінде құрылған. Жоңғар Алатауы МҰТП әкімшілік тұрғыдан алғанда Алматы облысының Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарын қамтиды, жалпы жер көлемі 356022 га оның ішінде қаумалдардың ауданы 283900 га. Парк құрамында 3 филиал - Сарқан, Лепсі, Алакөл филиалдары мен Лепсі, Тоқты мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдары орналасқан. Парк Жетісу Алатауының солтүстік жотасының батысынан шығысына дейін 300 км созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 4622 м биіктікте Семенов-Тянь-Шанский шыңы орналасқан.
Жоңғар Алатауы МҰТП экологиялық, мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы жоғары табиғи таулы ландшафттарды өз қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған. Табиғи саябақтың басты мақсаты- Жетісу Алатауының орталық аймағының солтүстік тау беткейлерінің экожүйесін сақтап қалу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мен өзгерген экожүйені қалпына келтіру.
Парк аумағының 1,05 пайызын Сиверс алмасының жабайы жемісті орманы алып жатыр. Сиверс алмасы барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі болып табылады және ғаламдық маңызы бар жемісті ормандардың бірегей агробиоалуантүрлілігін сақтап қалып, өсімін молайту үшін ерекше қорғауды талап етеді.

============================

В соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан за № 370 от 30 апреля 2010 года создан «Жонгар-Алатауский» государственный национальный природный парк, который состоит из 3 филиалов - Сарканского, Алакольского и Лепсинского и граничит с Токтинским и Лепсинским государственными зоологическими заказниками.
Общая площадь парка составляет 356022 гектара, площадь государственных заказников -283900 га. Парк расположен на северном макросклоне хребта Жетысуского Алатау, который протягивается с запада на восток примерно на 300 км. Здесь же находится высочайшая вершина – пик Семенова-Тянь-Шанского 4622 м над у.м.
«Жонгар – Алатауский» ГНПП создан с целью сохранения естественных горных ландшафтов, имеющих особую экологическую, историческую и эстетическую ценность. 1,05 % от общей площади парка занимают дикоплодовые насаждения яблони Сиверса, которая является прародительницей всех культурных сортов яблонь мира и требует особой охраны, чтобы обеспечить сохранение и восстановление уникального агробиоразнообразия плодовых лесов глобального значения