ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

ЖОНГАР-АЛАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК Zhongar-Alatau State National Natural Park

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ БЛОГЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ
Добро пожаловать на блог генерального директора
ҚАБИЕВ МАРАТ НҰРҒАЗЫҰЛЫ

 КАБИЕВ МАРАТ НУРГАЗЫОВИЧ

 

Байланыс деректері

Жұмыс тел.: 8 /72839/ 2-12-01

Ұялы тел.: 8 /775/ 862 00 32

e-mail: gongar_alatau@mail.ru

 

Контактные данные

Рабочий тел.: 8 /72839/ 2-12-01

Сотовый тел.: 8 /775/ 862 00 32

e-mail: gongar_alatau@mail.ru

 

 

Ардагерлерді ардақтау ұрпақ парызы!


 

1 – Қазан халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық әлеуметтік қолдау» іс – шараларына сәйкес 2021 жылдың 30 қыркүйек күні «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры М. Қабиевтің басшылығымен ұлттық табиғи паркімізде абыройлы еңбек етіп кеткен 20-ға жуық зейнеткерлерімізге ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күні барысында «Қарттарым – асыл қазынам» ұлттық паркте қызмет еткен ақсақалдармен, ақ жаулықты аналарымызға шексіз алғыстарын білдіре отыра, парк аумағында атқарылып жатқан игі іс – шаралардың бастамасымен, парктің қызметін, парк табиғат мұражайын, визит орталығымен орман тұқымбағын тамашалап экскурсия өткізілді.

Өз кезегінде парк зейнеткерлері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын және атқарылып отырған жұмыстарымызға оң бағаларын беріп, жастарға бейбітшілік пен ынтымақтастық сақтауға, сан қилы арандатушылыққа бой алдырмауға, ұлттық парктің ұлттық құндылықтарын, табиғат байлықтарын өскелен ұрпақтарымызға көздің қарашығындай етіп сақтауға ізгі тілектерін білдірді. Кездесу соңында ақсақалдармен ақ жаулықты әжелерімізге ақ дастарханнан дәм татқызып, естелікке сыйлықтарын табыстады. Еліміз үшін еңбектерін аянбай тер төккен, бейбітшілік алдында өмір кешуге өз үлестерін қосқан ардагерлерімізді ардақтайық! Ардагерлеріміз үшін бағалы сыйлықтарымыз аса маңызды болмауы мүмкін, әйтседе оларға көңіл бөліп оларды ардақтап пір тұту, барынша қол ұшын созып қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз!

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жөніндегі бағдарламасы және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының жобалық бағдарламасы аясында 24.09.2021 ж. «Жоңғар Алатауы МҰТП» табиғатты қорғау мен бақылауға арналған SMART бағдарламасы бойынша брифинг өткізілді. SMART бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік инспекторлардың табиғатты қорғау мен бақылау жұмыстарын жақсарту.

Ағымдағы жылдың 8 шілде күні ұлттық парктің жылдық жоспарына сәйкес МҰТП бас директорының орынбасарлары, парктің бөлім басшылары, филиал директорлары, филиалы директорларының орынбасарлары, филиал инженерлері, туризм және ғылыми мамандары, орманшылар, орман шеберлерінің қатысуымен, сондай - ақ өздерінің қорғалатын аумақтары бойынша І – ші жарты жылдықтың есептерінің қортындысына сәйкестендіріліп техникалық кеңес жүргізілді. І – ші жарты жылдыққа арналған есептерді талқылау кезінде паркте жүргізілген көктемгі орманды шолып бақылап тексерудің нәтижесімен жүргізу сапалылығы жайында, орманды жанама пайдаланушылармен келіп кетуші туристерге көрсеткен қызметі жөнінде, орман өртін

алдын – алу және оны болдырмау мақсатында іске асырылып жатқан іс – шаралары туралы, орман алқаптарын молықтыру, экологиялық және туристік қызметі мен ғылыми ақпараттық мониторингтік жұмыстары, биотехниялық жұмыстарына дайындығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекетері, төңірегіндегі бір қатар есептері тыңдалды. Кеңес барысында бөлім басшыларымен, филиал директорларының қажетті өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметі туралы ережесі бекітіп, басшылыққа алынды. Техникалық кенесті өткізу уақытында карантиндік шаралар қатаң түрде сақталынды.

Бүгін 4 маусымда "Жоңғар-Алатауы"мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Ұлттық парктің бас директоры М.Н.Кабиев парк қызметкерлерін мемлекет тарихындағы айтулы оқиғамен құттықтады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Сегодня 4 июня в "Жонгар-Алатауском" ГНПП состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню государственных символов Республики Казахстан.Генеральный директор национального парка М.Н.Кабиев поздравил сотрудников парка со знаменательным событием в истории государства. Государственные символы - одна из незыблемых основ государства. Основными символами государства являются Государственный флаг, Государственный герб и Государственный Гимн. Конституционный закон «О государственных символах Республики Казахстан» был принят 4 июня 2007 года. В соответствии с настоящим Законом ежегодно 4 июня отмечается как День государственных символов в Республике Казахстан.

2021 жылдың 13 мамыр күні «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ «Сиверс алмасының гүлдеуі» атты фестиваль өтті. «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты мерекелік салтанат «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ мекеменің ұйымдастыруымен, Тополевка орманшылығының «Осиновая» тау – беткейлеріндегі жемісті орман алқабының жерінде салтанатты жиыннан бастау алып, ары қарай парктің жабайы жемісті орман алқабындағы қарап көру алаңқайларына барып, Сиверс алмасының шоғырланған орындарымен таныстырылды. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті, соның ішінде ғаламдық маңызы бар жабайы жеміс ағаштарының генофонды және айрықша экологиялық, генетикалық, тарихи және эстетикалық құндылықтың қазынасы болатын табиғи тау ландшафтарын сақтауды басты назарға салып, жабайы алманың негізгі гендік қоры «Жоңғар - Алатауы» ұлттық паркінің аумағында екендігін, ел игілігі үшін паркіміз жабайы алманы сақтап қана қоймай, оны молайтып, қалпына келтіріп жатқанын, осыған байланысты мемлекеттік қорғауға алынған. Сонымен қатар айтулы мереке Сиверс алма ағашы гүлденуімен құттықтап, жасыл орман алқаптарының қатары өсе берсін деп жалынды лебізін білдіріп, ақжарма ақ тілектерін арнады. Ары қарай фестиваль мерекесіне арналған мәдени көпшілік шаралар спорттық ойындарға жалғасты. Атап айтқанда, эстафеталық ойындар, гир тасын көтеру, арқан тарту және волейболдан жарыстар болды. Бұл жарыстарда парк қызметкерлері спорттық өнерлерін көрсетіп, тамаша ойындарымен тәнті етті. Іс – шара уақытында еліміздегі жүріп жатқан індетке байланысты қауіпсіздік шаралары да қатаң түрде сақталынды.

«Сиверс алмасының» ғылыми іздестіру жолындағы шығу тарихына көз жүгіртсек, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне өте бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Табиғи саябақ аумағындағы жабайы Сиверс алмасы саябақтың жалпы жер көлемінің 3800 га аумағын қамтиды. 1793 жылы орыс ботанигі Иоганн Сиверс Үржар өзенінің аңғарларындағы орман ішінде өскен жабайы алмаға бірінші болып сипаттама жазған. 1929 жылы орыстың ұлы ғалымы Н.И.Вавилов Орталық Азияға экспедицияға шығу барысында Қазақстанның оңтүстік шығысын жабайы алма мен өріктің орталығы деген болжам айтты. Кейін бұл болжам академик Аймақ Жанғалиевтің, сондай-ақ оның көптеген шетелдік әріптестерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесімен Қазақстан «Сиверс жабайы алмасы» біздің ғаламшардағы алма өсімдігінің атасы екенін дәлелдеп растады.

Табиғатымыз мол байлыққа ие. Жеріміз қызғалдақ және Сиверс алмасымен танымал. «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивальдің негізгі мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында асқақ Алатаудың баурайы алманың «тарихи отаны» екенін атап өткен болатын. Іс жүзінде бақ шаруашылығымен айналысатын мамандарға озық технологияларды игеруге, қолданысқа енгізуге жағдай жасау және өзекті мәселелерді шешу жолдарын бағыттауға, ғылыми танымдылық жұмыстарын арттыруға, және де туризм саласын жандандыруға негізделінген. Сондықтан, қазақ жерін Отаным деп таныған әр азаматтың ел дамуына өз мүмкіндігінше үлес қосуы-міндет. Осы орайда, бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыз маңызды деп санаймын және жабайы алма Сиверс алмасы табиғи популяциясының жағдайын бақылауды және барлық жерде қорғалуды қажет етеді. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алып, сондай – ақ паркте Сиверс алма ағашын гүлдеуін тамашалауға арналған арнайы ғылыми – танымдылық туристік бағыттар ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.

"ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ" МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 11 ЖЫЛ» Құрметті әріптестер! Сіздерді "Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 11 жыл толуымен құттықтаймын. Биылғы жыл жаңа жеңістер жылы болып, жарқын жетістіктермен және жоспарлардың орындалуымен есте қалсын. Ал сіздердің адал еңбектеріңіз алдағы уақытта да еліміздің табиғатты қорғау саласын дамытуға ықпал ететіндігіне сенімім мол! Атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!

11 ЛЕТ СО ДНЯ ОБРАЗОВАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ПРИРОДНОГО ПАРКА "ЖОНГАР-АЛАТАУ" Уважаемые коллеги! Поздравляю вас с 11-летием со дня образования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка. Пусть этот год станет годом новых побед и запомнится яркими достижениями и исполнением планов. Уверен, что ваш добросовестный труд и впредь будет способствовать развитию природоохранной сферы нашей страны! Желаю успехов в проделанной работе, семейного благополучия, здоровья, счастья и мирной жизни!

Денсаулық – баға жетпес жалғыз ғана ең асыл дүние. Адамның денсаулығы ол – қоғам байлығы. Денсаулық адам өмірінің тірегі, онсыз ешкімде емін еркін өмір сүре алмайды. Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні ұлттық табиғи парктің барлық қызметкерлеріне еліміздегі болып жатқан «КОВИД – 19» індетінің алдын – алу іс шараларын қатаң режимде сақтауды, әрқайсымызға кері ықпалын тигізбеуді,осы жағдайға салғыртықты танытпауыз керектігін, сақтану шараларын назардан тыс қалдырмауларын түсіндіріп, сондай – ақ қоғамдық, және қызмет орындарында ұжымдық сақтануымызды керек екендігін ескерттім. Қазіргі таңда қауіпті індеттен бір жола құтылу ол вакцина алу, осыған байланысты өз басым және әріптестерім аудандық, ауылдық аурухана бөлімшелеріне барып өз еріктерімен вакцинаны уақыттылы, сонымен қатар талабына сай салдырудамыз. Құрметті әріптестер жақынымызға жан – ашыр болайық! Денсаулық – саулық кепілі! Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік.

8 сәуір күні Катон-Қарағай ұлттық паркінде экологиялық туризмді дамыту стратегиясы мен мастер-жоспары ЗУМ арқылы талқыланды. Онлайн кездесуге Қазақстанның 12 Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, БҰҰДБ жобасы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері қатысты. Презентацияда Экологиялық туризмінің қазіргі жағдайы, Рекреациялық жүктеменің нормаларын анықтау тәсілдері көрсетіліп, содан кейін 5 жылға арналған стратегиялық бағыттар мен мақсаттар айқындалды. Осы мақсаттар шегінде жылдық шаралар белгіленіп, керекті қаражат мөлшері анықталды. Мониторинг жүргізу мен қадағалау табиғат кешендерінің толық сақталуы, жүргізілген іс-шаралардың орындалу дәрежесі және қаржылық жағдайын талдау арқылы жүргізілетіні аталып өтті. Презентациядан кейін болашақ ақпараттық келу орталығының архитектуралық-суретшілік дизайны көрсетілді.

8 апреля состоялось зум-обсуждение проекта стратегии развития экологического туризма и мастер-план Катон-Карагайского национального парка, разработанной при поддержке Лесного проекта ПРООН в Казахстане. В обсуждении принимали участие представители 12 особо охраняемых природных территорий, бизнес-структур, Комитета лесного хозяйства и животного мира и представители Лесного проекта ПРООН. Для участников была проведена презентация о современном состоянии экотуризма, определении допустимых рекреационных нагрузок по 14 имеющимся туристским маршрутам, стратегическое видение и определение целей на 5 лет. Участники были ознакомлены с Планом мероприятий с соответствующим бюджетом. Система мониторинга и контроля представлена определением природной целостности, полноты и качества проведенных мероприятий и финансовым анализом.

2021 жылдың 27 – 28 қаңтар күндері «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ –нің шекарасына жапсарлас орналасқан Сарқан ауданының, Аманбөктер және Екіаша, Тополевка ауылдық округтерінің әкімдерімен және ауыл тұрғындары, жеке – шаруа қожалықтар басшылары, парк мамандарының қатысуымен Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасының №360 қаулысымен 2019 жылдың 31-мамырында бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық парктеріндегі Экологиялық туризмді дамытуға бағытталған 2019-2025 жылдарға арналған іс – шараны басшылыққа ала отырып жиналыс өткіздім. Іс – шара барысында күн тәртібімен таныстырып, жергілікті халыққа, ұлттық парктің экологиялық ағарту мамандары дайындаған презинтация-слайд арқылы «Экологиялық туризм» - туралы шығу тарихына түсінік беріп, еліміздің ауылдарында экологиялық туризмнің маңыздылығымен, және оның негізгі мақсаты ұлттық парктердегі бірегей экологиялық жүйені сақтай отырып, туристердің белсенді демалысын ұйымдастыруды, халықаралық сарапшылар және экологиялық туризм саласындағы ұйымдарды тартуды, сондай – ақ ауыл тұрғындарына қаржылай қолдау мақсатында жүзеге асырылатын бағдарламалар туралы айтылды. Сөз аясында Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген ұлттық табиғи парктегі 13 туристік бағыттарға да тоқталып түсіндіріп кеттім. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің ата-қонысының табиғатын, өзен-көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқарар рөлі ерекше екендігіне тоқталып, табиғат – ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болатындығы жайлы айтылды. Біз осыны басшылыққа ала отырып тағылым алар бастама негізі - ұлттық туризмге қазіргі таңда жоспарлар құрып оның негізінде қысқа және ұзақ мерзімге туристік қызметтерді оңтайлы жолға қоюда жалға беруге мүмкіндіктері қарастырылғанын айтып, қолға алып жатқанымызға тоқталып өттім. Шағын жиналыс соңында жеке шаруа қожалықтар және мал шаруашылығымен шұғылданатын тұлғаларға бүгінгі кездегі күн көрістің бірі мал шаруашылығы болғандықтан ұлттық парктің тарапынан маусымдық мал жаюға берілетін жерлердің мәселелерін қарастырып, ондағы орман билеті жазылып берілетіндігін, малдарды жаю ережелерімен, ұлттық паркіміздегі бөлінген аймақтары жайында мағлұматтарымен, табиғи экожүйелердің тұтастығын ескеріп, табиғи кешендерінің биологиялық және ландшафтық әр түрлілігін қорғауды қамтуы туралы мағлұмат бердім. Сондай – ақ ауылдық әкімдіктерден, шаруа басшыларынан қойылған сұрақтарына сауалнама ретінде жауап бердім.