Жонгар-Алатауский государственный национальный природный парк        Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Zhongar-Alatau State National Natural Park

"Парктер шеруі - 2020" табиғатты қорғау акциясы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аударуға және оларға нақты практикалық көмек көрсетуге, халықты экологиялық ағартуға бағытталған кезекті халықаралық «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы дәстүрге айналып, Алматы облысының Сарқан, Алакөл, Ақсу аудан тұрғындары арасында әр жылдың 23 наурызынан 22 мамыр аралығында өткізіліп келеді.Биылғы жылы «Парктер шеруі-2020» табиғатты қорғау акциясы интернет, әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы биологиялық әртүлілікті сақтау бойынша ағартушылық жұмыстары мен «Қоршаған ортаны қорғау күні», «Таза өзенге таза жағалау», «Жер күні», «Құстар күні», «Қызғалдақтар Отаны Қазақстан», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні», «Жасыл жапырақ» және т.б. акциялары мен шығармашылық байқаулар онлайн түрде өткізілді. «Табиғатты аяла, болашақты сақта» атты онлайн шығармашылық байқауы ең үздік «Таңдаулы суреттер», «Қолөнер», «Жас ақын» номинациялары бойынша өтті, байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талғар қалаларымен Татарстан мемлекеті және де Сарқан, Алакөл аудандарының орта жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, кәсіби орта білім беру оқу орындарының студенттері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Шығармашылық байқауда жеңімпаз атанған жастар парк басқармасының бағалы сыйлықтарымен және І, ІІ, ІІІ орынға ие мақтау қағаздарымен марапатталды.