ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

ЖОНГАР-АЛАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК Zhongar-Alatau State National Natural Park

Жабайы шошқа, қабан, доңыз – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Аталығының арқасында жалы болады. Жабайы шошқалар қамыстың патшасы. Бірақта таулы аймақтардың орманды жерлеріненде кездестіруге болады. Жабайы шошқалар Жоңғар Алатауы МҰТП ғылым, мониторинг және ақпарат бөлімінің жабайы жануарларға мониторинг жүргізу мақсатында құрған фототұзақтарына жиі түсіп тұрады.

Таутеке (лат. Capra sibirica) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жұптұяқты жануар. Текелерінің дене тұрқы 140 – 167 см, салмағы 59 – 82 кг болса, ешкілері кішірек. Түсі сұрғылт, біркелкі. Қысқа қарай ірі текелерінің жотасы мен мойнында, қапталында ақ түсті жолақ пайда болады. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. Маусым сайын таудың басынан етегіне, етегінен басына дейін ауысып, қоныс аударып отырады. Жоңғар Алатауы МҰТП ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері парк аумағына фототұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылаулар жүргізуде.