ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

ЖОНГАР-АЛАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК Zhongar-Alatau State National Natural Park

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 қазан №18-02/92 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман иеленушілердің орман қарау аймақтарына ревизия жасау» қағидасына сәйкес «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ –нің басшылығымен 2021 жылғы 23 тамыздағы №111 бұйрығымен ағымдағы жылдың 04 – 08 қазан күндері аралығында парк филиалдарының орманшылықтарындағы орман айналымдарына күзгі жоспарлы шолып тексеру жұмыстары жүргізілді.

Шолып тексеру барысында , ормандардағы ағаштың заңсыз кесілуін қадағалау; тау дала және орман өрттерін алдын алу оны болдырмау; ақпараттық тақтайшалар жай күйі; орман айналымдарындағы айналым бағаналарының болуы; мемлекеттік инспекторларға берілген мүліктердің қызметтік мініс аттардың, автокөліктер, техникалар, мен байланыс құрал жабдықтардың жағдайын;

сонымен қатар мемлекеттік инспекторлардың нысандық киімдерін киіп жүру тәртібі және олардың сақталуы тексерілді. Тексеру жүргізу уақытында парк бойынша орман заң бұзушылықтары орын алған жоқ.

 

Ардагерлерді ардақтау ұрпақ парызы!

1 – Қазан халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық әлеуметтік қолдау» іс – шараларына сәйкес 2021 жылдың 30 қыркүйек күні «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры М. Қабиевтің басшылығымен ұлттық табиғи паркімізде абыройлы еңбек етіп кеткен 20-ға жуық зейнеткерлерімізге ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күні барысында «Қарттарым – асыл қазынам» ұлттық паркте қызмет еткен ақсақалдармен, ақ жаулықты аналарымызға шексіз алғыстарын білдіре отыра, парк аумағында атқарылып жатқан игі іс – шаралардың бастамасымен, парктің қызметін, парк табиғат мұражайын, визит орталығымен орман тұқымбағын тамашалап экскурсия өткізілді.

Өз кезегінде парк зейнеткерлері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын және атқарылып отырған жұмыстарымызға оң бағаларын беріп, жастарға бейбітшілік пен ынтымақтастық сақтауға, сан қилы арандатушылыққа бой алдырмауға, ұлттық парктің ұлттық құндылықтарын, табиғат байлықтарын өскелен ұрпақтарымызға көздің қарашығындай етіп сақтауға ізгі тілектерін білдірді. Кездесу соңында ақсақалдармен ақ жаулықты әжелерімізге ақ дастарханнан дәм татқызып, естелікке сыйлықтарын табыстады. Еліміз үшін еңбектерін аянбай тер төккен, бейбітшілік алдында өмір кешуге өз үлестерін қосқан ардагерлерімізді ардақтайық! Ардагерлеріміз үшін бағалы сыйлықтарымыз аса маңызды болмауы мүмкін, әйтседе оларға көңіл бөліп оларды ардақтап пір тұту, барынша қол ұшын созып қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз!

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жөніндегі бағдарламасы және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының жобалық бағдарламасы аясында 24.09.2021 ж. «Жоңғар Алатауы МҰТП» табиғатты қорғау мен бақылауға арналған SMART бағдарламасы бойынша брифинг өткізілді. SMART бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік инспекторлардың табиғатты қорғау мен бақылау жұмыстарын жақсарту.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 күні «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалында орман өртін алдын алу және оны болдырмау мақсатында тау және орман-дала өрттерін сөндіруге арналған кезектен тыс оқу-жаттығу өткізілді.
Аталған іс-шараға Лепсі филиалының жедел өрт сөндіру тобы және Лепсі ауылының ерікті өрт сөндірушілері қатысты. Өрт қауіпі бар маусым аяқталғанға дейін, алдағы уақыттарда өртке қарсы тактикалық оқу жаттығулары парк бойынша жалғасын таба бермек.

Егер Сыбайлас жемқорлық белгілі бір қоғамда дамыған болса, ол қоғам жемқорлыққа қарсы еш іс-әрекет қолданбайды немесе жеткіліксіз шаралар қолданады деп түсінуге болады және белгілі бір қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың білімділігіне байланысты. «Жоңғар-Алатауы» МҰТП РММ-де 2021 жылдың, қыркүйек айының 13 күні, бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес қызыметкерлерінің арасында, «ZOOM» арқылы, Сыбайлас жемқорлық пен күресу және заңның талаптарын сақтаумен ішкі талқылауы жөнінде жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында, парк мамандарына Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке қарсы күресте нәтижелі әдістемелерін, мүдделер қақтығысын болдырмау мүмкіндігін қарастыру, кең тараған пара, сый алушылық, тамыр-таныстық, ағайынгершілік, ысырапшылдық, алаяқтық және қызмет бабын пайдалану – жемқорлықтың қауіпті екендігі жайында бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы керітартпалық шешім қабылдаудың жауаптылығына бақылау жүргізу және оның тексерілуі туралы баяндалды. Мемлекеттік қызметшілердің алда тұрған міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің тиімдірек және әсерлірек жолдарына бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға ықпал жасау. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында қарастырылған талаптармен шаралардың бір кісідей ат салысуы керектігі аталып өтті. «Жоңғар-Алатауы» МҰТП РММ заңгері Е. Садыков

"Генетические резерваты яблони Сиверса в Жонгар-Алатауском ГНПП"
С целью селекционно-генетического и селекционно-семеноводческого назначения в естественных дикоплодовых лесах нацпарка выделены генетические резерваты яблони Сиверса: в урочищах «Черная речка», «Кок Жота-1(Шолақ Жота)», «Кок-Жота-2»,«Пихтовая и Солдатской щели». Данные участки внесены в лесоустроительные материалы, как леса научного значения.
На границах всех генетических резерватов, на просеках и у дорог, проходящих по территории резерватов установлены предупредительные аншлаги, столбы на которых указано название лесного генетического резервата, год создания и площадь. Яблоня Сиверса составляет долговечные, медленнорастущие и низкоствольные лесоплодовые леса. Выделенные участки - это нормальные насаждения естественного семенного происхождения куда включены в основном спелые насаждения.
Основным способом возобновления леса в генетических резерватах является естественное лесовозобновление т.е. размножение корневыми отпрысками, реже – семенами, но к сожалению в недостаточном количестве. В лесных генетических резерватах постоянно проводятся текущие лесопатологические обследования, рекогносцировочный надзор, осуществляется контроль за санитарным состоянием лесонасаждений. Урожайность по шкале Каппера составляет 1 балл - плоды имеются в очень небольшом количестве на отдельных деревьях. Представляет угрозу развитие в яблониках хмеля обыкновенного (усыхание, повреждение скелетных ветвей). Негативное действие оказывают чужеродные виды с уровнем их агрессивности на природные лесные фитоценозы и популяции яблони Сиверса. Вследствии хозяйственной деятельности человека или неблагоприятных изменений природных условий существует угроза нарушения и потери генофонда, имеющего научное и историческое значение, учитывая это во всех лесничествах организована особая охрана имеющихся генетических резерватов яблони Сиверса.
🖊️- "Отдел науки"

Жоңғар Алатауы МҰТП Лепсі филиалы бойынша өрт қауіпі маусымының туындауына байланысты тау-дала, және өрттерін алдын алу және оны болдырмау мақсатында ұзындығы 57 км, ені 6 метр болатын минералды алқаптарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
-----------------------
В связи с наступлением пожароопасного период по Лепсинскому филиалу Жонгар-Алатауского ГНПП проводятся работы по содержанию горно-степных и минеральных угодий протяженностью 57 км, шириной 6 метров с целью предупреждения и предотвращения пожаров.

Бүгін 2021 жылдың 06 қыркүйегінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұлттық парк қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мекеменің бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Қуаныш Серікболұлы Ақылбаев " Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың салдары " атты баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша 2021 жылға жоспарланған іс-шараларға назар аударылды. Баяндама барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша осындай тұрақты профилактикалық іс-шараларды өткізудің маңыздылығы атап өтті. "Дөңгелек үстел" соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сегодня 06 сентября 2021 года с соблюдением санитарно-эпидемиологических требований проведен круглый стол с сотрудниками национального парка по формированию антикоррупционной культуры. С докладом «Коррупционные риски и их последствия» выступил заместитель генерального директора по науке Куаныш Серикболович Акылбаев. В ходе круглого стола было уделено внимание мероприятиям, запланированным на 2021 год по профилактике коррупционных рисков. В ходе доклада сотрудникам были продемонстрированы видеоролики на тему борьбы с коррупцией. Кроме того, во время круглого стола была отмечена важность проведения таких регулярных мероприятий по профилактике коррупционных преступлений и правонарушений. По завершении круглого стола участники обменялись мнениями.

Ұлттық парк аумағында санитарлық талаптарды және өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша мобильдік топпен өткізілген рейдтің есебі
«Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің» 27.07.2021 №27-1-38/1095-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Алакөл филиалы аумағындағы Көкжар шатқалындағы туристік маршруттар бойындағы бивак, қарап-көру алаңдары мен демалыс орындарында санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша тексеру мақсатында мобильдік топ құрылып, Көкжар ауылына бардық.
Мобильдік топ құрамы:
1. Рекреация және туризм инженері – Н.Муханов;
2.Алакөл филиалының директоры- А.Б.Сейсембеков;
3. Рекреация және туризм инженері- Н.Е.Бекбосынова
4.Алакөл АПБ-ның ЖПҚ-ның УПИ Полиция лейтенанты- А.Б.Ақтымбаев;
Демалушыларға тазалық сақтау, қоқыс тастамау және өрт қауіпсіздігін сақтау жайлы үгіт-насихат жүргізіліп, парақша үлестірілді. Жүргізілген рейд кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. 

Отчет рейда, проведенного мобильной группой по соблюдению санитарных требований и мер пожарной безопасности на территории национального парка
Согласно письма "Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" от 27.07.2021 №27-1-38/1095-И 14 августа текущего года в целях проверки санитарных требований и мер пожарной безопасности в местах отдыха, на смотровых площадках и биваках по туристским маршрутам на территории Алакольского филиала создана мобильная группа.
Состав мобильной группы:
1. Инженер рекреации и туризма-Н. Муханов;
2.Директор Алакольского филиала - Сейсембеков А. Б.;
3.Инженер рекреации и туризма - Н.Е. Бекбосынова
4.Лейтенант полиции УИП МПС Алакольского РОВД-А. Б. Актымбаев; Для отдыхающих была проведена агитационная беседа по соблюдению правил чистоты, недопущению выбрасывания мусора и правил пожарной безопасности, розданы листовки. В ходе проведенного рейда нарушений природоохранного законодательства не выявлено.

Ұлттық парк аумағында санитарлық талаптарды және өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша мобильдік топпен өткізілген рейдтің есебі
«Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің» 27.07.2021 №27-1-38/1095-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Сарқан филиалы аумағындағы туристік маршруттар бойындағы бивак, қарап-көру алаңдары мен демалыс орындарында санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша тексеру мақсатында мобильдік топ құрылып, Сарқан қ. – Екіаша - Аманбөктер - Кіші Басқан - Екіаша – Сарқан қ. бағытына бардық.
Мобильдік топ құрамы: 1. Рекреация және туризм инженері – Ә.Мақсутов;
2.Сарқан филиалы экологиялық ағарту және туризм инженері – М.Шамшудинов;
3. Сарқан филиалы орман қорғау инженері – Р.Нургожанов;
4. Сарқан ауданы ТЖБ бас маманы- Е.Турсунов
Сағат 10:00де Сарқан қаласынан Екіаша ауылына жолға шықтық. Сағат 10:30да Екіаша ауылына жеттік. Екіаша ауылынан Аманбөктер ауылына бағыт алып, сағат 11:10-да Кіші Басқан орманшы үйіне келдік. Аманбөктер орманшылығының 5 -ші айналым инспекторы А.Жауынгаров жұмыс уақытында орнынан табылды. Ары қарай бивак алаңына барып , демалыс орнына шолу жасадық.Ауа райының қолайсыздығына ,жаңбыр болуына байланысты демалушылар болмады.Демалыс орнынан 15кг қоқыс жиналды.Қайтар жолда бір топ демалушылар тобын кездестірдік. Демалушыларға тазалық сақтау , қоқыс тастамау және өрт қауіпсіздігін сақтау жайлы үгіт-насихат жүргізіліп, парақша үлестірілді. Жүргізілген рейд кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Отчет рейда, проведенного мобильной группой по соблюдению санитарных требований и мер пожарной безопасности на территории национального парка
Согласно письма "Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" от 27.07.2021 №27-1-38/1095-И 14 августа текущего года в целях проверки санитарных требований и мер пожарной безопасности в местах отдыха,  на смотровых площадках и биваках по туристским маршрутам на территории Саркандского филиала создана мобильная группа, которая проехала по маршруту г. Сарканд-Екаша – Аманбоктер - Малый басын - Екиаша - Сарканд.
Состав мобильной группы:
1.Инженер рекреации и туризму – А. Максутов;
2.Инженер экологического просвещения и туризма Саркандского филиала-М. Шамшудинов;
3.Инженер по охране леса Сарканского филиала-Р. Нургожанов;
4.Главный специалист ОЧС Саркандского района-Е. Турсунов.
В 10: 00 мы выехали из Сарканда в село Екиаша. В 10: 30 мы прибыли в село Екиаша. Мы направились из села Екиаша в село Аманбоктер и в 11:10 приехали к дому лесника. Инспектор 5-го обхода Аманбоктерского лесничества А. Жауынгаров в рабочее время находился на месте. Далее мы отправились на бивуачную поляну и осмотрели место отдыха. Из-за плохой погоды, дождя отдыхающих не было. С места отдыха собрали 15кг мусора. На обратном пути мы встретили группу отдыхающих. Для отдыхающих была проведена агитация по соблюдению чистоты , недопущению мусора и пожарной безопасности, разданы листовки. В ходе проведенного рейда нарушений природоохранного законодательства не выявлено.

Ұлттық парк аумағында санитарлық талаптарды және өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша мобильдік топпен өткізілген рейдтің есебі
«Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің» 27.07.2021 №27-1-38/1095-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Лепсі филиалы аумағындағы төменгі Жасылкөл көлі туристік маршруттар бойындағы бивак, қарап-көру алаңдары мен демалыс орындарында санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша тексеру мақсатында мобильдік топ құрылып, Лепсі ауылына бардық.
Мобильдік топ құрамы:
1. Экологиялық ағарту инженері – Е.Вихрова;
2.Лепсі филиалы директорының орынбасары - Р.А. Бурунгазов; 3. Экологиялық ағарту инженері – Р.Х. Вишнякова
4. Лепсі ауылдық округінің полиция капитаны - М. К. Нұрболаев
Демалушыларға тазалық сақтау, қоқыс тастамау және өрт қауіпсіздігін сақтау жайлы үгіт-насихат жүргізіліп, парақша үлестірілді. Жүргізілген рейд кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Отчет рейда, проведенного мобильной группой по соблюдению санитарных требований и мер пожарной безопасности на территории национального парка
Согласно письма "Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" от 27.07.2021 №27-1-38/1095-И 14 августа текущего года в целях проверки санитарных требований и мер пожарной безопасности в местах отдыха, на смотровых площадках и биваках по туристским маршрутам на территории Лепсинского филиала создана мобильная группа.
Состав мобильной группы:
1. Инженер экологического просвещения - Вихрова Е.; 2.Заместитель директора Лепсинского филиала -  Бурунгазов Р.А.;
3.Инженер экологического просвещения - Вишнякова Р.Х.
4. Капитан полиции Лепсинского сельского округа - Нурболаев М.К.
Для отдыхающих была проведена агитационная беседа по соблюдению правил чистоты, недопущению выбрасывания мусора и правил пожарной безопасности, розданы листовки. В ходе проведенного рейда нарушений природоохранного законодательства не выявлено.

Санитарлық жұмыстарын

Тамыз айының 12 күні Алакөл филиалының қызметкерлерінен құрылған топ мүшелері және жергілікті тұрғындар мен еріктілер № 11 экологиялық соқпақ «Көкжар» шатқалы Тентек өзені жағалауында орналасқан демалыс орынына санитарлық жұмыстарын жүргізді. Қоқыстар жинастырылып, арнайы қоқыс орнына жеткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар жергілікті тұрғындар мен келуші қонақтарға ЕҚТА техникалық қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігімен таныстыра отырып, әнгіме-сұхбат жүргізді. Санитарлық шараға 23 адам қатысты .
12 августа члены группы из числа сотрудников Алакольского филиала провели санитарные работы по экологической тропе № 11 урочищу «Кокжар», расположенному на берегу реки Тентек. Весь собранный мусор во время данного мероприятия был вывезен на организованную свалку. Также государственные инспекторы провели беседу с местными жителями и гостями, ознакомив их с правилами техники безопасности и пожарной безопасности ООПТ. В санитарном мероприятии приняли участие 23 человека .

«Чистота природы»

11.08.2021 Отделом «Рекреации, экологического просвещения и туризма» «Жонгар Алатауского государственного национального природного парка», для «Молодежного ресурсного центра» Саркандского района и волонтерского отряда «Жасыл ел», была проведена беседа – экскурсия на тему «Чистота природы». Участники экскурсии узнали об истории, целях и задачах национального парка. Были ознакомлены с имеющимися отделами парка, побывали на экскурсии в музее природы, а также посмотрели видеоролик о парке, далее прошли в сад главного управления. Провели беседу с участниками экскурсии в которой говорилось о том, что проведение субботников позитивно влияет не только на экологию, но и на людей. Поддержание порядка на территории не только города, но и на территории ООПТ, делает нас более ответственными и заставляет задуматься о том, что поддержка чистоты - дело общее. После проведения экскурсии участники отметили чистоту как на территории так и за территорией управления.Я – абзац. Нажмите здесь, чтобы вставить свой текст и отредактировать меня. Я идеально подхожу для написания истории или предоставления краткой информации о себе.

Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығы аумағындағы орналасқан тұздықтарға тұздың салынуы.

Сарқан филиалы аумағында орман өртін алдын алу және оны болдырмау мақсатында орманға кірер жолдарға ескерту ретінде ақпараттық тақтайшалардың қайтадан жанарту жұмыстары жүргізілуде.

Рейд по соблюдению правил санитарных норм

07.08.2021
Проведен рейд по соблюдениям правил санитарных норм и правил пожарной безопасности на туристических маршрутах, Во время рейда также провели профилактическую работу среди отдыхающих и местного населения. Согласно плана-работ взаимодействия с правоохранительными органами в рейде участвовал сотрудник полиции старший лейтенант Абраим А.А. Зам ген.директора ЖА ГНПП Кусаинов Т.У., инженер природопользования Саркандского филиала Абдулдаев К.М. Во время проведённого рейда нарушений природоохранного законодательства не выявлено.

06.08.2021 жылы Лепсы және Ағынықатты өзендерінің жағасында және демалыс орындарында тазалық жұмыстары жүргізілді.

"Таза өзенге - таза жағалау" акциясы

Ұлттық парк қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тополевка ауылы, Плита шатқалы, Теректі өзені жағалауында қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, аталған табиғатты қорғау акциясына парк қызметкерлері, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғауға тәрбие беруге үлес қосып жүрген еріктілер қатары, ІІМ ПБ, ТЖБ қызметкерлері, "Алма ТВ" телеканалының тілшісі С. Паномаревпен блогерлар П.Шиманская, Д.Жандосова белсенділік танытып, ат салысты. Бұл акция парк аумағындағы өзендері, демалыс орындарының аумағын қоқыс қалдықтарынан арылту мақсатында ұйымдастырылды.Аудан тазалығына бәріміз де атсалысайық! Барлық тұрғындар мен демалушыларды тазалыққа шақырамыз. Егер әркім өзін мәдениетті санап, тазалықты өзінен бастаса, кез келген қала да, кез келген аула да аз уақыттың ішінде құлпырып шыға келетіні анық.

«Таза болса - табиғат, аман болар - адамзат» акциясы

Қазір демалыстың қызған шағы. Көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай демалыс мекендерін ластап кетеді. Осы орайда "Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен, "Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы" мен "Жасыл ел" еріктілер жасағы бірлесе «Таза болса - табиғат, аман болар - адамзат» акциясын өткізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды. "Таза болса - табиғат, аман болар - адамзат" акциясы қала маңындағы өзендердің аумағын қоқыс қалдықтарынан арылту мақсатында ұйымдастырылды. акцияға ат салысқан жастар "Біздің ісіміз өзгелерге үлгі болса екен! Әр адам өзінің туған өлкесінің табиғатын таза ұстауға мән беруі керек!" - дейді.

Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитет төрағасы орынбасарының жұмыс сапары барысында, Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Көлсай көлдері, Шарын және Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріндегі экологиялық туризмді дамыту жөніндегі кеңес өткізілді.

Аталған кеңесте: - мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - 014 жоспарына сәйкес мемлекеттік мекеменің тауарларын сатудан түскен ақшаны қабылдау және жұмсау; - қатты тұрмыстық қалдықтар; - МҰТП аумағында БӨП орнату; - МҰТП сайттарын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Кеңеске қатысушылар «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аюсай шатқалының, Аюсай визит орталығымен танысып, «Жарияшы» ЖШС, «Asemtal» ЖШС, «Туранга ГРУПП» ЖШС, «Атырау-Рент» ЖШС қатысуымен «Презентация брендинга национальных парков», «Обустройства туристких маршрутов национальных парков Алматинской области», «Презентация проекта «Эвак Турист» тақырыптарында презентациялар көрсетіліп, семинар өткізілді.

28-30 шілде аралығында "Ғылым бөлімінің" қызметкерлері Сарқан филиалының Қарасырық шатқалына далалық іс сапар ұйымдастырды. Іс сапар мақсаты 2021-2025 жж.бекітілген тақырыптық ғылыми зерттеу жұмыстары. Оның ішінде "Жоңғар Алатауы МҰТП-нің флорасын түгендеу және сирек кездесетін өсімдіктердің таралуын анықтау" тақырыбы бойынша сирек кездесетін өсімдік түрлерінің GPS координаталары анықталды, фотосуреттерге түсірілді, геоботаникалық сипаттамасы жазылды, сонымен қатар өсімдік түрлерінің кеппешөптері жиналды.

«Жоңғар – Алатауы МҰТП» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлім қызметкерлері парк бас директоры М. Кабиевтің 14 сәуір 2021 жылғы № 53-ө бұйрығы және аталған бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жыл басынан бастап парк бойынша құрылған «Жедел ұтқыр» тобының мемлекеттік инспекторлары жабайы аңдарды қасақылықтан қорғау мақсатында жорықтық іс – шараларды үнемі жүргізіп отырады. Қазіргі таңда жорықтық іс – шара барысында 16 дана әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылып, сонымен қатар браконьерлік фактісі бойынша 1 қылмыстық іс анықталып, аудандық ПБ – не жолданды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың шілде айының 21-25 аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры М. Кабиевтің 14 сәуір 2021 жылғы № 53-ө бұйрығы және бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес Алакөл, Лепсі, Сарқан филиалдарына, ұлттық табиғи парктің «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің аңшылықтанушы – биологі Н.Мусабаланов, жедел ұтқыр тобының мемлекеттік инспекторы Т.Тайжаков және филиалдардағы мемлекеттік инспекторларымен жазғы уақыттағы биотехниялық іс–шараларды тексеру және жабайы аңдарды қасақылықтан қорғау мақсатында жорықтық іс – шаралар жүргізілді. Жорық жүргізу кезінде ЕҚТА рұқсатсыз кіргені үшін ӘҚБтК 380 бабымен 1 хаттама толтырылды. Өзгеде табиғат заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жоқ.

О вопросах безопасности посетителей на территории “Жонгар-Алатауского” государственного национального Природного парка

 Сотрудниками национального парка были разработаны карты туристических маршрутов, на которых отображены потенциально опасные места, безопасные места с определением координат, указатели направления тропы, а также места где на маршруте имеется сотовая связь (Beeline/Activ).

Лепсі филиалы бойынша туристік қауіпсіздік іс шараларын алдын алу және оны болдырмау мақсатында аталған филиалдың туристік соқпақтарында қауіпті және қауіпсіз жерлерінде алдын ала ескерту ретінде ақпараттық тақтайшалар дайындалып тиісті жерлерге орналастырылды.

29 июля был совершен выезд по туристским маршрутам (озеро « Нижний Жасылколь», урочище «Черная речка», «Научно – познавательный тур», «Карбушка и ее красоты», озеро «Верхний Жасылколь», «Ледник Шумского») в составе старшего инженера ОЧС капитана гражданской защиты Исагалиева Е.Е., заместителя директора Лепсинского филиала Бурунгазова Р.А., лесничего Жаланашского лесничества Турганбаева С.А., директора Саркандского филиала Акылбаева К.С., инженера охраны и защиты леса Саркандского филиала Нургожанова Р.К.

Целью выезда была инвентаризация туристских маршрутов и троп с определением потенциально опасных мест на территории национального природного парка, а также организация работы по маркировке (аншлаги, информационные щиты, указатели) данных мест.

В результате обследования туристских маршрутов были определены координаты потенциально опасных и безопасных мест (была произведена запись GPS трека), также были получены рекомендации по технике безопасности, где начали установку предупреждающих знаков по выявленным точкам.

Жаз-күз мезгілдеріндегі ауа райының ыстық күндері болуына байланысты орман ішінде демалушы адамдар көп болады. Солардың көпшілігі өрт қауіпсіздігі ережесін біле бермейді, білген күнде аталмыш ережелерді сақтамайды. Көбінесе, адамның қоршаған ортаға зейінсіздік нәтижесінде, байқаусыздан темекі немесе сіріңке шиін өшіріп тастауды үмытып, далада жанған отты тиісінше сөндіруге ерінетіндігі де өрт оқиғаларына әкеп соғады. Далаға от жағу орнын алдын ала дайындау немесе от жағуға арналған дайын орынды пайдалану керек. Далаға от жағу орынды алқа ағаштардан алшақ жерден таңдаңыз. Отқа арналған аймақты шөптен тазалаңыздар және күрекпен отын салғанға терең емес шұңқыр қазыңыздар. Отқа арналған орынның айналасын жарты метрден бір метрге дейін шөптерді жұлып тастаңыздар. Отты үнемі көз аясында ұстаңыздар! Дайындап қойған отын қорын жанып тұрған оттан бірнеше метр алшақ жерде ұстаңыздар. Егер сіз орман өртін көре қалсаңыз және де оны өз күшімен өшіре алмайтын жағдайда болсаныз, дереу тұрде ұлттық парктің тікелей нөмерлері 872839 2-24-25, 2-12-01 немесе 101 өрт қызметіне шұғыл қоңырау шалып, хабар беріңіз.

Осыған байланысты ормандағы өрт қауіпінің сыныбы жоғарғы болуына қарай ұлттық паркте үгіт-насихат жұмыстарыда назардан тыс қалмай, орман өртін алдын алу және оны болдырмау мақсатында аудандық, облыстық газет - журналдар басылымдарында мақалалар жариялануда сонымен бірге мемлекеттік ұлттық табиғи парк бойынша жергілікті ауыл тұрғындарымен, жеке – шаруа қожалықтар, мектептермен және ұжымдармен лекциялар өткізіліп, оған тыңдаушылар қатысуда. Қатысушыларға және ЕҚТА жеріне келушілерге табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау жөнінде ескерту қағаздары, міндетемелері мен үн-парақтар таратылуда. Осы күрделі емес ережесін сақтау-біздің ормандарымызды өрт апаттарынан сақтауға көмек береді. Ормандағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК – нің 367 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындарыңызды ескертеміз!!!. Орманды оттан қорғаңыздар! Табиғатты аялап, оны қадірлеңіздер, сонда сіздерге табиғат орман мен өзен-көлдерінің мол байлығын сыйлайды.

Начальником РГУ «Отдел по чрезвычайным ситуациям Алакольского района Департамент по чрезвычайным ситуациям Алматинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям РК»

Г.К.Мустафиным, специалистом по экологическому просвещению и туризму Н.Е. Бекбосыновой, гос. инспектором Уйгентаского лесничества Е.С.Бакуашевым 27 июля 2021 года вдоль туристского маршрута «Экологическая тропа урочище Кокжар» осуществлен выезд, целью которого являлось определение потенциально опасных мест на туристических маршрутах Алакольского филиала.

В результате обследования туристического маршрута были определены координаты потенциально опасных и безопасных мест, а также была произведена запись GPS трека маршрута.

15 шілде күні Ұлттық парктің басқармасында 2021 жылғы 2 шілдедегі "Ұлттық парк аумағында туристердің қауіпсіздігі туралы" №8 бұйрығына сәйкес мобильділік топ құрылды. Филиал қызметкерлерінің қатысуымен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тез арада құтқару іс-шараларын орындау мақсатында топ мүшелері оқыту семинарын өткізді.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен 15 шілде аралығында БҰҰДБ қолдауымен ҚБСА қызметкерлері "Жоңғар Алатауы" МҰТП қызметкерлеріне табиғи басқару тиімділігін арттыру мақсатында күзет қызметінің инспекторлары үшін оқыту семинары мен тренинг өткізді. Олар SMART деректерін жинау және талдау жүйесін көрсетті. SMART жүйесі әлемнің 50-ден астам елінде қолданылады және деректерді жинау, жүйелеу, сақтау және талдау үшін қолданылады. Осы жүйенің көмегімен алынған ақпарат Қазақстанның бірегей табиғи аумақтарын қорғау деңгейін арттыру үшін де, ғылыми зерттеулер үшін де өте қолайлы және тиіді.

SMART-тің маңызды сипаттамалары-оны байланыс болмаған кезде пайдалану, сонымен қатар жүйені белгілі бір ЕҚТА қажеттіліктеріне бейімдеу мүмкіндігі. SMART технологиясының арқасында ЕҚТА мемлекеттік инспекторлары қағаз бланкілерден бас тартып, деректерді жинау және оларды кейіннен компьютерде талдау үшін смартфондарға ауыса алады.

SMART технологиясының келесі кезеңі парк басшылығы мен инспекторлардың қатысуымен, айлық жұмыс туралы есепті талдай отырып және келесі сапар үшін ұсынымдар әзірлей отырып, ай сайынғы брифинг өткізу болады. Мұндай дәйектілік патрульдік топтардың тиімділігін арттыруға және әрбір келесі сапарда жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.Тренинг соңынан қатысушыларға сертификат табысталды.

Жоңғар Алатауы МҰТП РММ Алакөл филиалының Көкжар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары С.Абжанов пен В.Болдырев биотехниялық іс шаралар жұмыстарын орындады. Атап айтқанда орманшылықтағы 4,12,13,5,14,20 орман айналымдарында орналасқан жабайы жануарларға арналған тұз жалақтарға тұздар салынды.

Государственными нспекторами Кокжарского лесничества Алакольского филиала РГУ Жонгар-Алатауского ГНПП С. Абжановым и В. Болдыревым были выполнены биотехнические мероприятия. В частности, была заложена соль в солонцы для диких животных, расположенных в лесных обходах 4,12,13,5,14,20 Кокжарского лесничества

2021 жылдың маусым айының 15–19 аралығында жұмыс жоспарына сәйкес «Маралдарды мүйіз өсу кезеңінде қасақылықтан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру» мақсатында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ – нің Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің қызметкерлерімен рейттік іс – шаралар атқарылды. Іс – шара барысында құқық бұзушылықтар анықталып, үш адамға ҚР ӘҚБ кодексінің 380-бабы жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзғандығы үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

2021 жылдың мамыр айының 19–24 аралығында жұмыс жоспарына сәйкес «Қара құрдың шағылысу кезінде мекендейтін алқаптарда қасақылықтан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру» мақсатында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ – нің Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің қызметкерлерімен рейттік іс – шарлар атқарды.

Ұлттық парктің 2021-2025 жылдарға арналған Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес мамыр - маусым аралығында ғылым бөлімінің қызметкерлері Канапьянова А., Кальная М. Сарқан филиалы, Басқан және Тополевка орманшылықтарында далалық жұмыстар жүргізді. Жұмыс мақсаты омыртқасыздардың тіршілігінде фенологиялық бақылау; Омыртқасыздарды түгендеу; Энтомологиялық коллекцияны толықтыру; Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, Үлкен Басқан орманшы үйінің маңында Anatis ocellata Linnaeus, 1758 жаңа түрі анықталды.

В рамках экологической акции "Таза Табигат" учащимися 5 класса на территории лесного питомника были проведены уходные работы за саженцами яблони Сиверса. Ребятам было интересно познать дело лесоводов и получили яркие впечатления от своего маленького вклада в большое дело.Проведена была и экскурсия, где учащиеся узнали много интересного.

"Жоңғар-Алатауы" МҰТП "Ғылым, мониторинг және ақпарат"бөлімінің 2021 жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының жұмыс жоспарына сәйкес 11 мамырдан 20 мамыр аралығында жекелеген аумақтарда далалық іс-сапар ұйымдастырылды. Далалық іс-сапардың негізгі мақсаты: «Жоңғар-Алатауы» МҰТП аумағындағы Тянь-шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен санын анықтау. Жабайы жануарлар түрлерін есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтың 3.2 тармағы, 8 тармақшасына сәйкес Тянь-шань қоңыр аюының таралу аумағы мен санын анықтау жұмыстары жүргізілді. Барлығы есепке алынғаны 9, төлдері 1, анықталмағаны 3, еркегі 3, ұрғашысы 2.

7 маусым күні «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» басқармасында «Парктер шеруі – 2021» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» парк қызметкерлері, ауыл тұрғындары, оқу орындарының мұғалімдері мен оқушылардың қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді. Акция «Таза болса – табиғат, аман болар – адамзат» атты ұранмен басталып, шеруге ұласты. Шеруден кейін мерекелік концерт ұйымдастырылып, соңында акцияға қатысқан жастар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартады. Бүкіл еліміз бойынша барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және қолдау мәселесіне орай, жерлестеріміздің табиғатқа, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында жыл сайын «Парктер шеруі» табиғатты қорғау іс-шарасы өткізіліп отырады. ҚР Тұңғыш президенті ұстанған саясаты аясында «Бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» деген ұранмен бұл шараның жасөспірімдерге берер тәрбиесі мол. «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясының мақсаты – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоғамдық дұрыс көз қарас қалыптастыру және көпшілікті жұмылдырып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, патриоттық сезімін ояту. Парктер шеруі акциясының жабылу рәсімі Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Марат Нұрғазыұлы Кабиевтің құттықтау сөзімен басталды. Сонымен қатар, Сарқан ауданының мектептерімен балалар шығармашылық үйінің оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді. Қатысушылар өз өнерлерін көрсете отырып, «Атамекен», «Маленкая страна», «Қазақстаным алға» және т.б. ән салып, би билеп, өлең-жолдарын оқып жиналған қауымды қуанышқа бөледі.

Қоршаған ортада туындаған өрттің себептері де әр түрлі. Оған ең бастысы адамның да кінәраты бар десек артық айтпаймыз. Көкке шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмей кеткендерінен, механизатор, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп. Бұның барлығы да адамзаттың табиғат-Анаға деген немқұрайды көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз. Осы орайда, ағымдағы жылдың мамыр айының үшінші жексенбісінде «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – нің қызметкерлері және Сарқан аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, Сарқан ауданы Ішкі істер бөлімі қызметкерімен бірлесіп, ұлттық парктің Сарқан филиалы аумағына іргелес орналасқан елді – мекендер, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, жеке шаруа қожалықтардың басшыларымен «Табиғатты өрттен қорғайық» атты республикалық іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шара аясында Сарқан ауданының Екіаша, Аманбөктер, Шатырбай, Қойлық, Черкасск ауылдық округтерінің тұрғындарына, жеке шаруа қожалықтарына, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және оның міндеттерін орындауы туралы ұсыныс хатымен жеткізіліп түсіндірілді. Сонымен қатар көктем күз мезгілі жұмыстары уақытында орман, тау – дала өрттерін алдын – алу, оны болдырмау, қасақана өрт жіберілгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын, өрт байқалған жағдайда дер кезінде сөндіруді немесе хабарлау жөніндегі парақшалары таратылды. Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің орманға түсу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады. Биолог ғалымдардың айтуынша, өртенген орманның қалпына келуі үшін кемінде 1 ғасыр керек. Осы жайттар қазіргі күні орман шаруашлығы қызметімен өртке қарсы қызметін алаңдатуда. Осыған орай көз жетімді жерлердің барлығы автокөлікпен, ал қолжетімсіз жерлердің барлығы орман шаруашылығын қорғаушы мекемесіне қарасты тікұшақпен мамандардың апта сайын парк аумағын шарлап ұшумен қадағаланып отыр. Барлық мақсат табиғат аясында шыққан жедел өртті анықтап, оны сөндіруге күштерді мерзімді жұмылдыруға арналған. Құрметті аудан тұрғындары, Сарқан ауданы көрікті табиғатымен, жазиралы даласымен ерекшеленіп, көз тартады. Жер жанатына саналатын өңірімізді өрттен қорғап, отқа абайлық танытуларыңызды сұраймыз.

Сарқан филиалы Аманбөктер орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Аманбөктер орта мектебінің оқушылары мен бірлесе отырып "Парктер шеруі-2021" халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында "Бұлақ көрсең көзін аш" атты іс шарасын ұйымдастырып өткізді.

"Парктер шеруі-2021" табиғатты қорғау қорғау акциясы және Тәуелсіздікке 30 жыл Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «30-игі іс-шара» аясында ауданымызда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш түптері отырғызылды. Аталған іс-шараға ауыл еріктілірі мен қоғамдық жұмысшылар және ұлттық парк қызметкерлеріде ат салысты

Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде, 23 наурыздан 5 маусымға дейін, табиғи кешендерді қорғауға және қорғауға арналған табиғатты қорғау шаралары өткізіледі.Маңызды Экологиялық акциялардың бірі "Жасыл жапырақ" , яғни елімізді көгалдандыру және көркейту мақсатында ағаш отырғызу болып табылады. Биылғы жылы Лепсі филиалы қызметкерлерінің қатысуымен ғана емес, ауыл әкімшілік, мәдениет үйі қызметкерлері мен орман күзеті ардагерлерінің қатысуымен әкімшілік пен мәдениет үйінің аумақтарында шыршалар отырғызылды. Акцияның мақсаты экологиялық мәдениет деңгейін көтеру және туған өлкенің орман байлықтарына ұқыпты қарау, қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Бұл іс-шара биылғы жылы Ел Президентінің бастамасы бойынша бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатқан "Таза табиғат" ұлттық жобасы аясында да өткізілді.

Ежегодно во многих странах мира, начиная с 23 марта по 5 июня проводятся природоохранные акции, посвященные охране и защите природных комплексов.Одной из значимых экологических акций является "Жасыл жапырак" - "Зелёный лист", то есть посадка деревьев, с целью озеленения и процветания нашей страны. В этом году посадка ёлок, была произведена на территории акимата и дома культуры с участием не только самих сотрудников Лепсинского филиала,но в посадке приняли участие и сотрудники акимата,дома культуры, и ветераны лесной охраны. Целью акции является повышение уровня экологической культуры и бережного отношения к лесным богатствам родного края, привлечения внимания общественности к охране окружающей среды. Данное мероприятие было проведено и в рамках национального проекта "Таза табигат", который проходит в этом году по всему Казахстану по инициативе Президента страны.

Алакөл филиалының өрт қауіпсіздігі маусымына дайындық. Құрал саймандарды жаңарту шаралары.

Подготовка к сезону пожарной безопасности. Меры по обновлению инструментов.

«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – нің мемлекеттік инспекторлары браконьерді марал етімен ұстады. 2021 жылдың 24 сәуір күні «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының мемлекеттік инспекторлары Бурунгазов. Р; Бахтияров.Р; Байжанов. А; Султанов.Н; Бабенко. А және Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны М. Нурболаевтың қатысуымен бірлескен жорықтық іс – шаралары жүргізілді. Жорықтық іс – шара жүргізу уақытында ұлттық парктің Лепсі филиалы Жаланаш орманшылығындағы күзет аймағында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген Петров А.С азамат ұсталып, жергілікті полиция қызметкері ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бабымен хаттама толтырды. Тінту барысында күдіктінің техникасынан (тракторы мен телешкасынан) аң аулау қаруын (12 калибрлі екі ұңғылы) оқ – дәрісімен, пышақ және 200 кг – ға жуық марал аңының еті тәркіленді. Бар болған жағдайды анықтау үшін ұсталған азамат, полиция бөліміне жеткізілді. Осы деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, Алакөл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне № 211934031000163 саны болып тіркеліп, алдын – ала тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде бас директор Марат Нұрғазыұлы Кабиевтың басшылығымен парктің кезекті ғылыми техникалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңесте келесідей мәселелер талқыланды: Мемлекеттік инспекторлардың Табиғат жылнамасына алғашқы материалдарды жинауы, ағымдағы жылдың Табиғат жылнамасының құрастырылуы, парк аумағында таралған интродуценттер (бөтен тұқымдас өсімдіктер), табиғат мұражайының безендірілуі туралы. Кеңесте сөз алғандар: бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Кусаинов, "Ғылым, мониторинг және ақпарат" бөлімінің басшысы Т.Касымханова, аға ғылыми қызметкері С.Игембаев. Кеңес соңынан кеңес мүшелерімен бір ауыздан қаулы қабылданды. Олар мынандай негізде: мемлекеттік инспекторларларға оқыту семинарларын ұйымдастыру; антропогендік әсер ету әрекеттерін болдырмау, бақылау іс-шараларын жүйелі түрде жүргізу; фенологиялық бақылау журналдарының уақытылы, сапалы, жүйелі түрде жүргізілуі; интродуценттерге (бөтен тұқымдас өсімдіктер)түгендеу жұмыстарын жүргізу. Ұлттық парктің бас директоры Марат Нұрғазыұлы Кабиев барлық қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп орындалуын талап етті.

Жер күні – планетаға деген жауапкершілік әрі адам қызметінің қайтарымсыз салдарына жол бермеуді еске салады. Бұл күнді өзімізге қажетті – таза су, жер мен ауа мерекесі деуге де болады. Бұл мереке, әкімші кейін Небраска штатының жер шаруашылығының министрі Дж. Стерлинг Мортонның қалауымен XIX ғасырда АҚШ пайда болды. «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау. Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл күн халықаралық акцияға айналды.

Құрметті әріптестер, отандастар! "Жоңғар Алатауы" МҰТП РММ-сінің бас директоры М.Кабиев, Сіздерді "Парктер шеруі-2021" табиғатты қорғау акциясының ашылуымен құттықтайды. Аталған акция биыл онлайн форматта өтетін болады. "Таза Табиғат" акциясы аясында парк аумағын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Баршаңызды аталған акцияға атсалысып қатысуға шақырамыз!

2021 жылдың 15 сәуір күні «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Сарқан филиалы, Сарқан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, ұлттық парктің орман қоры аумағындағы шекаралас елді – мекендерінің жерлерінде 2021 жылы болуы мүмкін орман - дала және таулы орман өрттерінің алдын алу және оларды дер кезінде жою бойынша өз – ара әрекеттестік іс – қимыл жасау мақсатында өртті сөндіру тактикалық оқу жаттығу іс – шара жұмыстары атқарылды. Іс шара барысында парктің арнай өткізілетін алаңқайы 3 га болатын жері белгіленді. Тактикалық оқу жаттығу бойынша өрті сағат: 1000 – уақытында бастау алып сағат: 1040 уақытында жедел түрде сөндіріліп аяқталды. Өрт уақытында техникалық қауіпсіздік іс – шаралары қатаң сақталынды. Жарақат алған адамдар болған жоқ. Сарқан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен өрт сөндіру жеке құрамы 10 адам, өрт сөндіргіш арнайы автомашинасы – 2 дана, ұлттық табиғи парктің Сарқан филиалынан 15 адам өрт сөндіруші жеке құрамы, 3 – дана автомашина, 1 – дана МТЗ 82 тракторы соқасымен жұмылдырылды. Жаттығу кезінде дайындықтарын үлкен деңгейде көрсеткені үшін парктің құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының іс – қймылдарына жоғары баға берілді. Қортындысында алдағы өрт қауіпі жоғары кезеңде өртті болдырмау және өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша қатысушыларға нұсқама берілді.

Қазақ халқы үшін Әз Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Табиғат, жер дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мейрамы. 19 – наурыз күні «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі 22 – наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған шағын мерекелік іс – шара өткізілді. Іс – шара барысында елімізде болып жатқан індетке қарсы санитарлық талаптары қатаң түрде сақталынды. Мерекелік іс – шараны паркіміздің бас директоры М. Кабиев парк қызметкерлерін наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілегін білдіріп, Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар Ұлыстың Ұлы күні меркесімен бұрынғы Сарқан орман шаруашылығы уақытында және қазіргі кезге дейін ұлттық табиғи паркімізде абыроймен еңбек етіп, паркіміз үшін аянбай тер төгіп, парктің алға қойған асқарлы мақсаттарына жету үшін бар күш жігерін, қажыр қайратын аямай жастарға ұлы өнеге, ұстаздық қасиеттері және іс – тәжірибелерімен бөлісіп жүрген келген бір – қатар аға буындарымызды атап айтсақ: С.Б. Игембаев, Ткачев Н.И, Бахтияров Т.А, Вишняков М.Г, Е.М.Абдулдаев, Н. М.Тулубаева, А.А. Касымованы қазақтың ұлттық киімі шапандармен кимешектерді сыйға тарту етіп, дендеріне саулық, отбасыларыңызға аманшылық пен молшылық тілеп, паркіміздің ынтымақ бірлігі мен тату тәтті тірлігінде, тамаша табиғаттың тыныштығын сақтауда, жас ұрпақтың тәрбиесінде, басқа да көптеген қоғамдық істерде Сіздердің орындарыңыз ерекше екендігін айтты. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» - дегендей осындай аға буындарымыз үнемі көпшілікке үлгі көрсетіп жүруілеріңіз үлкен маңызды бар екенін еске салып өтті. Ары қарай ұлттық табиғи парктің басқарма қызметкерлері ұйымдастырған келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде «ырысыңыз ортаймасын» деген ниетпен мерекелік дастарханның ұлттық тағамы наурыз көжеден ауыз тиді. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге - молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Баспасөз хатшысы
С. Ержанов

Проведение лекции:"Ответственность и взыскания за коррупционные преступления" Каждый гражданин страны должен воспитывать в себе отрицательное восприятие факторов коррупции и взяточничества.Ведь данное явление в общественных отношениях не только вызывает потери государственных доходов и рост социального неравенства,усиливая при этом организованную преступность и снижая нормы общественной морали,но и лишает человека уверенности в завтрашнем дне.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Тополевка инспекторлық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары Тополевка ауылының тұрғындары арасында әнгіме -сұхбат жұмыстарын өткізді. Сұхбат тақырыптары "Заңсыз аң аулауға жол бермеу" және де "Өрттің себебі мен салдары". Сарқан филиалының сақшылары ушін бастысы табиғаттың амандығы сол себепті алдын ала үгіт насихат жұмыстарын жасауда.

Согласно утвержденному плану работ, государственными инспекторами Тополевского лесничества, была проведена информационно-разъяснительная работа среди жителей села Тополевка. Были разъяснены такие темы как: "Предотвращение незаконной охоты" и "Причины и последствия пожара".

Орман өрті маусымына дайындық! Облысымыз республикада орманы өте аз аймаққа жатады. Оның ішінде ормандардың біраз бөлігі құрылғанына көп бола қоймаған «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қарасты жерлерде орналасқан.Осынау ұрпақтан ұрпаққа аманат боп жалғасып келе жатқан көк майса орманымызды орманның басты жауы – өрттен қорғау үшін 2021 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өртке дайындық айлығы, ал 1 сәуір және 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітіледі. Осыған байланысты, өрт қауіпті маусымына дайындық айлығының іс-шара жоспарлары жасалып, осы іс-шара аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда: Өрттің алдын алу мақсатында «мемлекеттік ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 2021 жылға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары» келісіліп, бекітілді. Осы жоспардың негізінде Сарқан филиалы Сарқан ауданы аумағындағы, Алакөл, Лепсі филиалы Алакөл ауданы мен жапсарлас орналасқан елді мекендер аумағындағы, төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен және сондай-ақ әкімдіктерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалынды. Сонымен қатар, өрт қауіпті маусымына дайындық айлығында филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерімен шектесіп жатқан 31 елді-мекендер мен 104 шаруа қожалықтарымен орман өрттерінің алдын-алу, бірлесіп сөндіру жөнінде жоспарлар жасалынды, сондай-ақ, ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындармен құрылған ерікті өрт сөндіру командаларына азаматтардан жасақталды. Филиалдарда мемлекеттік инспекторларға өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастырудағы техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізілді және филиалдардың қызметкеріне «Өрт қауіпсіздігі саласында» келісім шарт бойынша арнайы мамандармен сабақ өткізіліді. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркке қарасты ОӨСС-ғы орман өртіне қарсы техникалар жөндеуден өткізілді, сонымен қатар қажетті өрт сөндіру құралдарымен толықтырылды. Филиалдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлеріне автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін орындар және су алатын орындары белгіленіп, өрт қалқаншалары мен аншлагтарға жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстары бойынша басылымдарда мақалалар жарияланды және мемлекеттік ұлттық табиғи парк бойынша жергілікті ауыл тұрғындарымен, мектептермен және ұжымдармен лекциялар өткізіліп, оған тыңдаушылар қатысты. Қатысушыларға және ЕҚТА жеріне келушілерге табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау жөнінде ескертулер мен үн-парақтар таратылуда. Мемлекттік парктің мемлекеттік инспекторларына оқу-семинар сабақтарын өткізіліп, білімдері пысықталды. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар жалғасын таба бермек. Орманы жайқалған, өзені арқыраған әсем табиғатта демалуға қызықпайтын адам жоқ шығар. Алайда, сол табиғатымызды жанды күйінде сақтап қалу үшін, оны болашақ ұрпаққа аманат етіп табыстау үшін, өрттен абай болайық ағайын!
С. Ержанов «Жоңғар Алтауы МҰТП»РММ Орманды қорғау және сақтау инженері

Біз қауіпсіз жұмыс үшін! Неліктен еңбекті қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы маңызды? Еңбекті қорғау ең жоғары құндылық, себебі бұл адамдардың өмірі, олардың денсаулығы. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты дұрыс ұйымдастырылған жұмыстың көмегімен мамандардың біліктілігі артады, соның салдарынан еңбек сапасы жақсарады, жазатайым оқиғалар саны азаяды. Сондай-ақ, құрылғылардың бұзылуы және басқа да төтенше жағдайлар сирек кездеседі. Бүгін "Жоңғар-Алатауы" МҰТП Сарқан филиалы қызметкерлерімен жыл сайын қайталанатын еңбек қорғау және техника қауіпсіздік ережесі бойынша оқу сабағы өткізілді. Қызметкерлер жұмыс барысында кездесетін қауіпсіздік техникасының барлық қағидаларымен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша техникалық жаттығу ережелері көрсетілді. Филиалда жұмыстың әр түріне мекеменің бас директорымен бекітілген нұсқаулықтар әзірленген, әр тоқсан сайын орманшылықта қызметкерлерге қайталау нұсқаулығы жүргізіліп отырады, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге, маусымдық жұмысшыларға жұмыс орнындағы алғашқы, қайталау нұсқамалары жүргізіледі. Сондай - ақ Елімізде және бүкіл әлемде covid-19-ға байланысты қызметкерлер ҚР Бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысымен таныстырылды. Мекеме басшылығы ұлттық парктің барлық қызметкерлерінің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жеке бақылауына алды. Жеке қорғаныс құралдары (маскалар, қолғаптар, байланыссыз термометрлер, антисептиктер, бүріккіштер т.с.с.) сатып алынған, қолданыста. Мүмкіндігінше қызметкерлердің тікелей байланыстары қысқартылды, жұмыс сипатын, жас ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтан жұмыс істеу қарастырылды. Барлық қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен: медициналық көп рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Баршаңызға зор денсаулық тілейміз!
🖋️ Т.Айгулакова

Тылсым табиғат!
📷📷 Жоңғар – Алатауы ұлттық паркінің табиғат мұражайы өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін паркіміздің әсемде табиғаттың сұлулығын, флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ сирек кездесетін және ерекше қорғауға мұқтаж жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат береді. Сарқырап аққан өзен көлдермен тұнып тұрған мөлдір бұлақтардың сурет бейнесін көруге болады. Кіші Басқан, Үлкен Басқан, Сарқан өзендері Балқаш көліне құятын жеті өзеннің санына қосылатын Лепсі, Ақсу өзендерінің бастау алып шығатын жері дес осы ұлттық парк аймағында орналасқан. Ал тұнықтығы көз жасындай сылдырлаған кәусар бұлақтардың саны ешқандай адам айта алмас. Шіркін осы бұлақтың суын бір ішшеңіз шөліңіз қанып, көңіл күйіңіз көтеріліп қала береді. Ал жерінің құнарына келсек, қара топырақты өте құнарлы екенін ел – жұрттың бәрі біледі. Сондай - ақ, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарларға арналған стендтер бар. Осындай ортада өскен өсімдік дүниесіне өте бай, сан алуан. Шипалық емдік қасиеті бар өсімдіктердің өзін түгендеп айтуға қиынға соғатыны сөзсіз. Қайың, долана, марал тамыры, қарақат, мойыл, таңқурай, тағы басқалары паркіміздің әрін де сәнін келтіріп тұр. Шыңында Алатаудың ақиығы атанған бүркіт, қаршыға бар. Құмай күшіген, тазқара сияқты тазалықшы құстары да бар. Ұлы таудың ұлары, кекілік, кептерлердің сан алуан түрлері кездеседі.
📷📷 Мұражайда Жоңғар - Алатауының биоалуантүрлілігі туралы көп мағлұмат алуға болады. Алма ағашының түпкі атасы болып табылатын жабайы Сиверс алмаағашыда осы парктің аумағында (8000 га жуық)жабайы жемісті орман алқабын қамтиды. Атап айтқанда, бүкіл әлемдік маңызы зор Сиверс алмасы жабайы алмаларды зерттеген А.Ж Жангалиевтің өмірбаяны, ғылыми жолдары баяндалған. Парктің жабайы жемісті ормандары генетикалық ресурстардың ғаламдық табиғи қоймасы болғандықтан, әлемдік және ұлттық байлығы болып табылады. Сиверс алма ағашының ғылыми атауы 1827 жылы ең алғаш рет осы алма ағашы туралы баяндаған Санкт – Петербург дәріханашысы Иоани Сиверс атымен аталған. Кейінірек 1929 жылы орыстың ғалымы Н. Вавилов өзінің Орталық Азияда жүргізген экспедициясы барысында Қазақстанның оңтүстік батысын ішкі алуантүрлілікті сұрыптауға қолайлы жабайы алма мен өрік ағашының тектік қоры орналасқанын сипаттаған. Кейінірек осы болжам Қазақстан ғалымы академик жабайы алманың тұқымдық түрлерін зерттеудің ұлы тұлғасы А. Джангалиевтің шетелдік ғалымдарының көп жылдық орасан зор еңбектерінің арқасында дәлелденді. Алманың алғаш шыққан жері Орта Азияның таулы аймағы екені 1978 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық генетикалық конгресте алғаш рет жарияланды. Жоңғар – Алатауында 1200 – 1500 м теңіз деңгейінен биітігінде кездеседі. Биігінде қар жамылған, мәңгі мұзы бар; Тянь – Шянь шыңы, Ақшұғанақ шыңдары асқақтап тұр. Ақырын ағып, мүйізі қарағайдай маралы, тасында тау текесі, шаңқылдап тұрған суыры, сілеусін елік, қасқыр, тиін, қар барысыда бар.
📷📷 Парк мұражайында фото және бейне материалдар жинақталған. Бұл қайталанбас кадрлар адамның тіршілік әрекетінің табиғи ағымында өрескел араласпастан алынған жануарлардың өмірі туралы құнды ақпарат береді. Сонымен қатар мұражай қабырғасында паркіміздің экологиялық бағыттары туристік маршруттармен танысуға болады. Табиғат мұражайы ұлттық парктің табиғатын, аймақтың тарихын айшықтайтын құжаттарымен, құс және сүтқоректілер, құс ұялары мен жұмыртқалары, тұяқты жануарлардың мүйіздері, тұлыптар, терілер,минералдар үлгілері, өсімдіктер тұқымдары, ағаш өсіру кесінділері мен дәрілік өсімдіктерінің гербарилері экспозицияларының коллекциялары жинақталынып, олар парктің қызметкерлерімен үнемі толықтырылып отырады. Табиғат мұражайына келушілер Жоңғар – Алатауы ұлттық паркі туралы қызықты ақпаратты білуге, сондай-ақ фото және бейне экспозицияларды өткізуге мүмкіндігі бар. Мұражайға тек оқушылар мен студенттер ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы және түрлі қызушылық танытқан азаматтар да шақырылады. Парк қызметкерлері мұражай бойынша қызықты экскурсиялар өткізеді. Дәрісті өткізу кезінде адамдардың жаңа нәрселерді тануға, соның ішінде қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығының көрінісімен, саналы ұрпағымызға экологиялық тәрбиені дәріптеу болып көрінеді. Мұражаймен танысқаннан кейін көбінде паркке баруға, Жоңғар Алатауының табиғи алуан түрлілігі туралы көбірек білу қызығушылық туындайды. Осы аталғандардың барлығы біздің баға жетпес байлығымыз, ата – бабадан біздерге қалған асыл мұрамыз. Осы табиғат байлықтарын келешек ұрпаққа қаз қалпында сақтау барша тіршілік иесінің ең маңызды міндеті. Мұражай бойынша экскурсияларды «Ғылым, мониторинг және ақпарат», «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің мамандары жұмыс күндері 08:30 ден – 18:00 ге дейін өткізеді. Түскі үзіліс сағат 12:30 – ден 14:00 ге дейін. Демалыс күндері: сенбі – жексенбі. Мұражайға бару үшін төлем алынбайды. Біздің мекен – жайымыз: Сарқан қаласы, Венедиктов көшесі – 74 үй.

Телефон анықтамалары: 8/72839/2-19-23 8/72839/2-12-01
Баспасөз хатшысы С. Ержанов

2021 жылдың қаңтар айының 21 – күні жұмыс жоспарға сәйкес «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ - нің бас директоры М. Қабиевпен бекітілген 2021 жылғы 08 қаңтарындағы «Мемлекттік инспекторлық құрамын оқыту» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алакөл филиалының орманды қорғау инженері А. Нұртазин; орманды пайдалану инженері А. Камзанов филиалдың Көкжар және Үйгентас орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлық құрамына оқыту жүргізілді. Оқыту жұмыстары бойынша парк басқармасының «Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау» бөлімінің ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы қолданылды. Жоғарыда аталған оқу бағдарламасы барысында филиал инспекторларына инспектордың қызметі бойынша кездесетін барлық сұрақтары қамтылды. Атап айтсақ мемлекеттік инспектор ең біріншіден өзінің тікелей лауазымдық қызметін жұмыс барысында толық қолдана білуі керектігі айтылып ерекшке қорғалатын табиғи аумақтар заңы, өзіне бекітіліп берілген учаскедегі табиғи кешендерді қорғауды жүзеге асыруды, жанаурлар және өсімдіктер әлемін қорғауды, ҚР заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде шараларды жүзеге асыруды, орман өртін алдын алуды, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарды сақтауды, сондай – ақ білуге тиіс ҚР Орман кодексін, ҚР ЕҚТА заңдарын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңындары, ҚР Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі заңдарын, ҚР Қылмыстық кодексі заңдарын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңдарын, сондай - ақ арнайы құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларды толтыру тәртібі, тақырыптарында қамтылып сауалнама ретінде жүргізілді. Ауқымды кең тақырыптар бойынша бөлімнің инженерлері мемлекеттік инспекторларға оқу бағдарламасы бойынша сұрақ жауаптарына аймақты түсіндіріп жеткізді. Оқу кезінде аталған барлық тақырыптар жан – жақты талқыланып өз деңгейінде жүргізілді. Оқуға қатысқан инспекторларының құрамы 21 адам. Алдағы уақытта парк бойынша мемлекеттік инспекторлық құрамын оқытуды ұдайы түрде жалғасын табуда бола бермек.
Баспасөз хатшысы С. Ержанов

Согласно статьи Президента страны Касым -Жомарт Токаева "Тауелсиздик баринен кымбат" -"Независимость -самое дорогое" в Лепсинском филиале был проведен круглый стол на данную тему. Круглый стол был посвящен 30 - летию Независимости Казакстана. Директор Бахтияров Т.А.перечислил из статьи главы основные вехи становления и развития страны за три десятилетия и о задачах на будущее.Речь продолжил лесничий Черновского лесничества Кабулов К.Н.,отметив,что благодаря независимому государству развиваются и национальные парки, которые направлены на сохранение и восстановление природных комплексов.Один из них "Жонгар - Алатауский",задача которого -сохранение дикой яблони Сиверса,имеющей глобальное значение. Независимость - самое дорогое в сердце каждого из нас. Как сказал Президент:"Главное богатство современного Казахстана -это его "священная земля,унаследованная от предков".А задача нашего и других национальных парков сохранить эту землю для будущих потомков,как говорится в цитате Пришвина :" Охранять природу. - значит охранять Родину".

В Лепсинском филиале был проведён круглый стол с участием специалистов ДК на тему "Ата заң -Тәуелсіздік айғағы". Привить уважение и почитание государственных символов РК, воспитать чувства патриотизма и любви к своей Родине!  "лепсинский филиал"

18 Мая в селе Тополевка Сарканского района ,прошел очередной фестиваль цветения яблони Сиверса 

Фестиваль цветения яблони Сиверса 2019

Президент бастамасымен Қазақстан табиғат қорғаушыларының тұңғыш премиясы табысталды Нұр-Сұлтан қаласында үздік инспекторларға, орманшыларға және табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы берілді. Шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Республика. Аймақ. Даму» қоғамдық қоры ұйытқы болды. “Елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы «Елім-ай» сыйлығын табыстау арқылы біз саладағы үздік мамандарды, жануарларға, жабайы табиғатқа, экологияға жаны ашып, өз еріктерімен қоғамдық істердің басында жүрген азаматтардың еңбегін атап өткіміз келді», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іс-шараның ашылу салтанатында. Экология министрлігі «Елім-ай» сыйлығы шарасын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізбек ниетте. «Біздің министрлік алдына экология саласындағы қызметкерлердің, экобелсенділердің статусын көтеру міндетін қойып отыр. Сала мамандарының материалдық жағдайын көтеруге қатысты қадамдар жасалды. Браконьерлік үшін жаза қатайтылды. Өткен жылы ақбөкендерді қорғау жолында қорықшыларымыз – Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың браконьерлер қолынан қаза тапқанын ешкім ұмытқан жоқ. Бұл – инспекторлардың мәртебесін жоғарылату жолындағы белсенді жұмысты жалғастыруымыз қажеттігінің үлкен белгісі», - деп атап өтті министр. Номинантттарға сыйлықты ҚР ЭГТРМ Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сенатор Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Ольга Шишигина, Микаелян Наринэ, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов, Олимпиада чемпионы Василий Левит, Nur Media холдингінің басшысы Болат Кальянбеков және басқа да қоғам қайраткерлері табыстады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 18 қазанда аталып өткен орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтады. «Төл мереке өз жалғасын бүгінгі күні де табуда. Бұл өздерінің табандылықтары арқылы еліміздің орман байлығын қорғап, көбейтіп жүрген азаматтардың мерекесі. Еліміздің баға жетпес байлығы мен табиғаты арасында, Орман-тоғай – Жер-Ананың адамзатқа берген сыйының бірі. Сондықтан табиғатты аялау мен оның қадір-қасиетін сезіну – адамзатқа, ұрпағымызға парыз», - деді ол өз сөзінде. «Елім-ай» сыйлығы 16 номинация бойынша берілді. «Браконьерлермен күрестегі ерен ерлігі үшін» “Охотзоопром” Ақмола облыстық тірек пунктінің инспекторы Нұрбеков Достай Балғабекұлы марапатталды. Ол 2016 жылы браконьерлермен бетпе-бет келіп, мойнынан пышақ жарақатын алып, ажалдан аман қалған еді. “Охотзоопром” ӨБ орталық аймақтық филиалының инспекторы Алиев Мұрат Қабиденұлы «Жануарлар дүниесін қорғауда «үздік инспектор» деп танылды. Орман шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан "Самар орман шаруашылығы" Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің директоры Қабдырғалиев Еркен Чаймұратұлы «Үздік орманшы» атанды. «Орман шаруашылығын дамытуға барын салып атсалысқалы үшін» «Семей орманы» мекемесінің Семей қалалық филиалы Батпаев орманшылығының жетекшісі Александр Трушин марапатталды. «Орман шаруашылығына еңбегі сіңген ардагер» номинациясына «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің аға ғылыми қызметкері Ахметов Хамит Ағабекұлы ие болды. Биология ғылымдарының кандидаты 30-ға жуық ғылыми мақала жазған. "TMT GROUP" ЖШС басшысы Тұрсынәлі Марлен Тұрсынәліұлы «Үздік балық өсіруші» деп танылды. Ал «Карагандинский рыбопитомник» ЖШС «Үздік балық тәлімбағы» атанды. Басшысы - Денис Муштаков. «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Үздік ұлттық парк», «Барсакелмес» мемлекетті қорығы «Үздік қорық» аталымын алды. Сыйлық мекемелердің басшылары Дамир Малгелдиев пен Зәуреш Әлімбетоваға берілді. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаевқа «Экотуризмді насихаттау бойынша үздік жоба» номинациясы берілді. «Тамыр» жабайы табиғатта серуендей мектебі экологиялық мәдениетті көтеру және адамдардың жабайы табиғаттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапатталды. Итбалықтардың қорғаушысы ретінде танылған Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова «Экологиялық насихат бағытындағы маман» аталымына ие болды. «Аманат пен ерік-жігер» аталымымен екі қолының жоқтығына қарамастан Ақмола облысында 18 мың ағаш отырғызып, үлгілі іспен өмірден өткен Александр Карповичтің еңбегі аталып өтілді. Сыйлық ұлына табысталды. «Өлкетануға қосқан үлесі үшін» номинациясын «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Құрманов Алтынбек Жұматұлы алды. «Жабайы аңдарға жасаған қамқорлығы үшін» “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биолог-аңшысы Ақынбаев Нұржан Сайранбайұлы марапатталды. Жануарларды қорғау қауымдастығының Президенті Лилия Сәрсенова «Үй жануарларын қорғағаны үшін» номинациясын алды. Ол жануарлар паналайтын орталық ашқан. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа биылғы Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін айтқан. Көгалдандыру ауқымын кеңейтіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы қабылданатынын жеткізген. Ал 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Ұлттық мемлекеттік табиғи парктерде экотуризмді белсенді дамыту қажеттігін тағы да тоқталды.

По инициативе президента учреждена первая премия защитникам природы Казахстана В Нур-Султане вручили специальные премии в области сохранения лесного хозяйства и животного мира "Елiм-ай" лучшим инспекторам, лесникам, защитникам природы страны. "Впервые в стране по инициативе президента Касым-Жомарт Токаева учреждая данную республиканскую премию "Елiм-ай" в сфере сохранения лесного хозяйства и защиты животного мира, мы хотели бы отметить лучших специалистов отрасли, тех, кто душой служит благородному делу защиты и охраны окружающей среды", - сказал министр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана Магзум Мирзагалиев, открывая церемонию вручения премий. В Минэкологии намерены вручение наград премии "Елiм-Ай" сделать традицией в целях признания заслуг казахстанцев, являющихся проводниками принципов экологического гуманизма. "Важно ценить труд специалистов, работающих в этой сфере. Мы как министерство поставили задачу повысить статус работников экологии и эко-волонтеров, воспитать в обществе уважение к ним. Приняты меры по улучшению материального положения в этой области, и это лишь начало. Также ужесточено наказание за браконьерство. В нашей памяти навсегда останутся имена инспекторов Ерлана Нургалиева и Каныша Нуртазинова, которые героически погибли в погоне за браконьерами, охотившихся за сайгаками. Это большая потеря для страны и сигнал для всех нас продолжать активную работу по поддержке наших инспекторов на местах, повышению их статуса", - отметил глава Минэкологии Казахстана. Премия присуждена по 16-ти номинациям. Награды номинантам вручали глава Минэкологии Магзум Мирзагалиев, министр культуры и спорта Актоты Райымкулова, депутаты мажилиса Павел Казанцев, Ольга Шишигина, Наринэ Микаэлян, сенатор Жусип Нурторе, казахстанский космонавт Айдын Аимбетов, олимпийский чемпион Василий Левит, чемпион мира по боксу Мерей Акшалов, глава Холдинга Nur Media Болат Кальянбеков и тд. Организаторами мероприятия выступили Министерство экологии, геологии и природных ресурсов РК и Общественный фонд "Республика.Регион.Развитие" В номинации "Выдающийся героизм в борьбе с браконьерами" отмечен инспектор филиала "Охотзоопром" по Акмолинской области Достай Нурбеков. В 2016 году он получил ранение в схватке с браконьерами. "Лучшим инспектором по защите животного мира" назван Мурат Алиев инспектор центрального регионального отделения "Охотзоопром". Работающий более 30-ти лет в сфере лесного хозяйства Еркен Кабдыргалиев (директор "Самарское лесное хозяйство" Восточно-Казахстанской области) признан "Лучшим лесником страны". В номинации "За преданность делу в развитии лесного хозяйства" победителем назван руководитель Батпаевского лесничества Семипалатинского филиала РГУ "ГЛПР "Семей орманы" Александр Трушин. Благодаря его заслугам в лесничестве не было ни одного крупного пожара. Номинация "Заслуженный ветеран лесного хозяйства" вручена старшему научному сотруднику нацпарка "Кольсайские озера" Хамиту Ахметову, ветерану лесного хозяйства. Х.Ахметов является кандидатом биологических наук и написал около 30 научных статей. Руководитель рыбного хозяйства, ихтиолог Марлен Турсынали признан в рамках премии "Лучшим рыбоводом" страны, а "Лучшим рыбопитомником" признано самое крупное рыбное хозяйства Карагандинской области ТОО "Карагандинский рыбопитомник" (директор Денис Муштаков). Лучшим национальным природным парком признан Иле-Алатауский нацпарк в лице руководителя Малгельдиева Дамира, а Лучшим заповедником - Барсакельмесский заповедник, в лице Алимбетовой Зауреш. Номинация "Лучший проект по продвижению экотуризма" вручена председателю правления национальной компании Kazakh Tourism Ержану Еркинбаеву. Проект школы пребывания в дикой природе "Тамыр" получил признание За вклад в развитие экологической культуры и повышение безопасности человека в дикой природе. Известная в Казахстане защитница тюленей научный сотрудник Института гидробиологии и экологии Асель Баймуканова стала лучшей в номинации "Специалист по экологическому просвещению". В номинации "За волю и наследие" (посмертно) отмечен труд Александра Карповича. Несмотря на трагическое событие, в котором Александр Николаевич лишился кистей обеих рук, он смог посадить 12 тысяч деревьев в Акмолинской области. Награда вручена сыну Александра Николаевича. В номинации "За вклад в краеведение" победителем назван инспектор Баянаульского нацпарка Алтынбек Курманов, в номинации "За заботу о диких животных" - Нуржан Акынбаев, биолог Сайрам-Угумского нацпарка. Президент ассоциации по защите животных Лилия Сарсенова получила номинацию "За защиту домашних животных". Лилия Сарсенова является основателем частного приюта для животных, участвует в разработке законопроекта "Об ответственном обращении с животными".