ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

ЖОНГАР-АЛАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК Zhongar-Alatau State National Natural Park

ТАБИҒИ ҚОРЫҚ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМІ

Бөлімде 6 маман қызмет атқарады – орман шаруашылығының бас иеженері, орман пайдалану инженері, орманды қорғау және сақтау инженері, орманды қалпына келтіру және молықтыру инженері, орман патологы инженері.

===================
ОТДЕЛ ОХРАНЫ И ВОСПРОИЗВОДСТВА ПРИРОДНЫХ КОМПЛЕКСОВ

В отделе работает 6 человек – руководитель отдела, главный инженер лесного хозяйства, инженер по природопользованию, инженер охраны и защиты леса, инженер по воспроизводству леса и лесоразведению, инженер лесопатолог.

Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы табиғат кешендерінің және табиғи қорық қорының нысандарының сақталуын, көбеюін қамтамасыз етеді, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерінің орындалуын қадағалайды. Өрттің алдын алу, орманды қорғау, молықтыру және ғылыми іс-шараларды жүргізуге қатысады, оның ішінде: табиғи кешендерді зерттеу мен бақылау, тұқым жинау, орман отырғызу және орман патологиялық сараптамасы. Мемлекеттік ұлттық табиғи практің негізгі міндеті – табиғи экожүйені қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, бұзылған табиғи кешендерді қалпына келтіру. Бөлім қызметінің негзігі басымдылығы – табиғи аумақтарды сақтауға, Қазақстанның Қызыл кітабына енген және сирек кездесетін эндемикалық түрлердің мекен ететін жерлерін сақтау, ормандарды өрттен, зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау, сондай-ақ орманды қалпына келтіру іс-шаралары болып табылады. Топырақ жамылғысын қорғау дегеніміз - шөпті шамадан тыс шабудан, таптаудан және қазудан сақтау. Топырақ жамылғысын шарушылықта дұрыс пайдаланылуын бақылаумен қатар, ғылыми және емдік мақсатта қолданылуының ерекшеліктері туралы үгіт насихат жүргізудің де маңызы зор.

===============================

Отдел охраны и воспроизводства природных комплексов обеспечивает охрану, защиту и воспроизводства природных комплексов территории ЖАГНПП, осуществляет надзор за соблюдением пожарной безопасности и санитарных правил и пересечение всех действий, вызывающих нарушение этих правил. Участвует в проведений противопожарных, лесозащитных, лесовосстановительных и научных мероприятий, в том числе: исследований и мониторинга природных комплексов, сбор семян, посадка леса, лесопатологическое обследование. Главной задачей ГНПП является охрана природных экосистем и сохранение биоразнообразия на уровне фонового состояния, восстановление нарушенных природных комплексов. Главным приоритетом в деятельности отдела являются мероприятия, направленные на сохранение естественных участков территорий – местообитаний редких, эндемичных и занесенных в Красную книгу видов растительного мира, защита леса от пожаров, вредителей и болезней, а также лесовосстановительные мероприятия. Растительный покров является самой малоустойчивой к воздействию системой. Охрана растительности, в основном, сводится к защите растительного покрова от вытаптывания, выкапывания, чрезмерного сенокошения. Наряду с контролем за рекреационным и хозяйственным использованием территории, важную роль в защите почвенного покрова играет также пропаганда и разъяснение значения дикорастущей флоры для народного хозяйства, научных целей и здоровья населения.

 


Орман шаруашылығының бас иеженері (Главный инженер лесного хозяйства) -
Ткачев Николай Ильич

 

 

Орман пайдалану инженері (Инженер по природопользованию) -
Абакумова Гулим Берлибековна

 

 

Орманды қалпына келтіру және молықтыру инженері (Инженер по воспроизводству леса и лесоразведению) -
Арғын Нұргүл

Орманды қорғаудың негізгі мақсаты – ағаштардың өсуіне кедергі болатын, зиян келтіретін орман зиянкестері мен аурулардың жаппай таралуының алдын алу.

===============================

Основная задача лесозащиты – профилактика вспышек массовых размножений вредителей и болезней леса, способных вызвать гибель насаждений, резкое падение прироста, снижение деловых качеств древесины или семенной продуктивности древостоев.

Орманды қалпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты – өртенген, тазартылған және қурап қалған екпелердің орнына, сондай-ақ топырақ эрозиясы басым жерлерге көшеттер отырғызу болып табылады. Таулы аймақтар мен тау етектерінде орманды қалпына келтірудің ең тиімді жолы орман екпелерін отырғызу. Табиғи парк қызметін бастаған жылдан бері жалпы 337,6 га жерге Сиверс алмасы отырғызылған.

===============================

Лесовосстановление своей первостепенной целью имеет посадку древесных пород на гарях, вырубках и погибших насаждениях, а также площадях, где происходит быстрое и сильное задернение или эрозия почвы. В горных и предгорных зонах преимущественным методом искусственного лесовостановления является создание лесных культур. За годы функционировния парка посадкой было создано 337,6 га культур яблоний Сиверса.

«Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Сарқан және Лепсі филиалдарында жалпы аумағы 54 га болатын 2 орман тұқымбағы орналасқан. Орман тұқымбақтарында 20 түрлі ағаш және бұта өсімдіктерінің екпе көшеттері олар: (қотыр қайың, терек, қырым қарағайы, ұсақ жапырақты жөке, сүйір жапырақты үйеңкі, сібір шыршасы, сібір балқарағайы, шаған, емен, кәдімгі арша, сары қараған, ұсақ жапырақты шегіршін, сиверс алмасы, мәдени алма көшеттерінің 4 түрі, жиде, кәдімгі шырша, шренк шыршасы, кәдімгі қарағай, кәдімгі шәңкіш, өсіріледі.

===============================

Также в Жонгар-Алатауском государственном национальном природном парке функционирует два лесных питомника в Саркандском и Лепсинском филиалах общей площадью 54 га, где выращивается более 20 видов древесных пород. Здесь выращивается сеянцы и саженцы березы повислой, тополя Бессчетного, липы мелколистной, клена остролистного, ясеня сагдианского, дуба черешчатого, можжевельника обыкновенного, яблони культурной (4 вида), вяза мелколистного, яблони Сиверса, лоха, ели обыкновенной, ели Шренка, сосны обыкновенной, калины обыкновенной.

Сүрек босату жұмыстары

Отпуск древесины

Тұқымбақтағы сеппе бөліміндегі көшеттер

Сеянцы в посевном отделений питомника

Орман патологиялық зерттеу жұмыстары

Лесопатологическое обследование

Көктемгі екпе ормандары отырғызылған аумақтардың координаталарын анықтау жұмыстары

Работа по определению координат участков засаженных весной

Береза

Акация

Ель обыкновенная

Дуб черешчатый

Сосна крымская

Яблоня Сиверса

Черемуха

Ясень согдианский

Калина обыкновенная

Смородина

Туя

Тополь

      2021 жылдың қаңтар айының 21 – күні жұмыс жоспарға сәйкес «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ - нің бас директоры М. Қабиевпен бекітілген 2021 жылғы 08 қаңтарындағы «Мемлекттік инспекторлық құрамын оқыту» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алакөл филиалының орманды қорғау инженері А. Нұртазин; орманды пайдалану инженері А. Камзанов филиалдың Көкжар және Үйгентас орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлық құрамына оқыту жүргізілді. Оқыту жұмыстары бойынша парк басқармасының «Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау» бөлімінің ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы қолданылды. Жоғарыда аталған оқу бағдарламасы барысында филиал инспекторларына инспектордың қызметі бойынша кездесетін барлық сұрақтары қамтылды. Атап айтсақ мемлекеттік инспектор ең біріншіден өзінің тікелей лауазымдық қызметін жұмыс барысында толық қолдана білуі керектігі айтылып ерекшке қорғалатын табиғи аумақтар заңы, өзіне бекітіліп берілген учаскедегі табиғи кешендерді қорғауды жүзеге асыруды, жанаурлар және өсімдіктер әлемін қорғауды, ҚР заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде шараларды жүзеге асыруды, орман өртін алдын алуды, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарды сақтауды, сондай – ақ білуге тиіс ҚР Орман кодексін, ҚР ЕҚТА заңдарын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңындары, ҚР Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі заңдарын, ҚР Қылмыстық кодексі заңдарын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңдарын, сондай - ақ арнайы құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларды толтыру тәртібі, тақырыптарында қамтылып сауалнама ретінде жүргізілді. Ауқымды кең тақырыптар бойынша бөлімнің инженерлері мемлекеттік инспекторларға оқу бағдарламасы бойынша сұрақ жауаптарына аймақты түсіндіріп жеткізді. Оқу кезінде аталған барлық тақырыптар жан – жақты талқыланып өз деңгейінде жүргізілді. Оқуға қатысқан инспекторларының құрамы 21 адам. Алдағы уақытта парк бойынша мемлекеттік инспекторлық құрамын оқытуды ұдайы түрде жалғасын табуда бола бермек.

Баспасөз хатшысы С. Ержанов

2020 жылдың ақпан айының 14 – күні жұмыс жоспарға сәйкес «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ бас директор М. Қабиевпен бекітілген 2020 жылғы 31 желтоқсанындағы «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің жоспарын басшылыққа ала отырып, Сарқан филиалы, Алакөл филиалы, Лепсі филиалдарының мемлекеттік инспекторлық құрамына оқыту жүргізілді. Оқыту жұмыстары бойынша «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау бөлімінің басшысы Т. Ахунов және орманшаруашылығының бас инженері Н. Ткачевтың қатысуымен өткізілді. Қазіргі уақыт аралығында жалпы филиалдар бойынша бас директордың 2020 жылғы 05 – қаңтардағы № 146 бұйрығына сәйкес мемлекеттік инспекторларды оқыту жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған оқу бағдарламасы барысында филиал инспекторларына инспектордың қызметі бойынша кездесетін барлық сұрақтары қамтылды. Атап айтсақ мемлекеттік инспектор ең біріншіден өзінің тікелей лауазымдық қызметін жұмыс барысында толық қолдана білуі керектігі айтылып ерекшке қорғалатын табиғи аумақтар заңы, өзіне бекітіліп берілген учаскедегі табиғи кешендерді қорғауды жүзеге асыруды, жанаурлар әлемін қорғауды, ҚР заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде шараларды жүзеге асыруды, орман өртін алдын алуды, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарды сақтауды, сондай – ақ білуге тиіс орман кодексін, ЕҚТА заңдарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңындары, арнайы құжаттармен хаттамаларды толтыру тәртібі тақырыптарында қамтылып сауалнама ретінде жүргізілді. Ауқымды кең тақырыптар бойынша бөлімнің инженерлері мемлекеттік инспекторларға оқу бағдарламасы бойынша сұрақ жауаптарына аймақты түсіндіріп жеткізді. Оқу барысында аталған барлық тақырыптар жан – жақты талқыланып өз деңгейінде өткізілді. Оқуға қатысқан Сарқан филиалы бойынша инспекторларының құрамы 21 адам. Лепсі филиалы бойынша 15 адам, сондай – ақ,Алакөл филиалы бойынша 21 адам. Өзге де орман заң бұзушылықтары, орман өрттері төтенше жағдайлары орын алған жоқ.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ОРТАҚ МІНДЕТ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Мұның қоғамды дендеген дерт екеніне өзіміз күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан хабардар болатын: пара алу кезінде ұсталған немесе ымыраласып қазына қаржысын жымқырған шенеуніктердің әшкере болғаны жайлы ақпараттар дәлел. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, қоғамға жеткізу мақсатында ағымды жылдың 09 қараша күні «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – нің «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің басшысы Т. Ахунов сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу тақырыбында бөлім қызметкерлеріне дәріс оқыды. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік органда істейтін немесе оған теңестірілген азаматтар өздерінің лауазымдарын асыра пайдалана отырып белгілі бір мақсатта мүліктік немесе мүліктік емес күйде заңсыз пайда табу мақсатында жасайтын іс – әрекеттері болып табылады. Сыбайлас жемқорлық пайда табудың баюдың бір түрі. Әрине, заңсыз жолмен. Халқымызда «Ұрлық түбі – қорлық» деген сөз бар. Сондықтан, тек пайда тапсам деген ойдан арылуымыз керек. Мұндай қадамға бармас бұрын ертең әшкере болған жағдайда өмір бойына қызметтен шеттеліп, заң алдында жауап беретінімізді, туған туыс, бала – шаға, қала берді ауыл аймақтың бәріне қарабет болатынымызды естен шығармауымыз керек екендігіне тоқталып өтті дәріс барысында бөлім басшысы Т. Ахунов. Иә күні кеше халыққа жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев та елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері енгізілуі керектігін жемқорлық мәселесіне қоғамды тарту маңызды екенін айтқан болатын. Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра тусу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссияларды жұмысына тарту керек – деген еді мемлекет басшысы. Қоғамға дендей еніп, үйреншікті әрекетке айналып бара жатқан «сыбайлас жемқорлық» атты дерттің тамырына балта шабу әзірге мүмкін болмай тұрғаны өкінішті. Оның алдын алып таралу жолдарын кесіп, ұлғаюына жол бермеу үшін жұдырықтай жұмылып, қоғам болып күресуіміз керек. Сонда ғана әрқайсымыз ел мүддесі үшін өз үлесімізді қосатынымыз анық. «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ

«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі»

   Алатаудың ажарлы шыршасын қорғайық!

   Жыл сайын жаңа жылдық мереке жақындаған сайын оның дәстүрлі символы – жаңа жылдық шыршаға тұрғындардың сұранысы арта түседі. Ағымдағы жылғы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің алдын алу және болдырмау мақсатында, 2020 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын қорғауды күшейту туралы 30 қарашада № 27-5-6/220 сәйкес бұйрығы шығарылды. Қазіргі таңда ұлттық парк бойынша қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын заңсыз кесуден қорғау мақсатында ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап орман алқаптарына апаратын негізгі жолдарда бақылау-өткізу пункттері (бекеттер) ұйымдастырылды, мобильді топтар құрылды. Қылқанжапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кескені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 381-1-бабына және ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес жауапкершілік көзделеді, соның нәтижесінде бұзушылық жасаған тұлғаға 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынып, сонымен қатар ҚР Үкіметінің № 441 қаулысына сәйкес жаңа жыл қарсаңында кесілген 1 дана шырша үшін 15 АЕК (41 670) тенге мөлшерінде залалды өтейтіндеріңізді ескертеміз. Жаңа жылдық шыршаларды заңсыз кесу фактісі байқалған жағдайда, 112 (құқық қорғау органдары) телефонына немесе «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ – не мына номерлері бойынша 8(72839) 2-24-25, 2-12-01 телефондарына хабарлауды сұрайды.

«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Орманды қорғау және сақтау инженері С. Ержанов

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

   Күз мезгілінің қазан қараша айлары саятшылыққа өте қолайлы уақыт. Күн райы суытып, қар жамылғысы жауған кез. Аңның төлдері өсіп, үйрек қаз балапандарының қанаттары қатаятын шақ. Ал еліміздің аң-құсын, балығын заңсыз жолмен аулауды кәсіп қылған браконьерлер тыйылар емес. Демек браконьерлермен күресу – баршамыздың басты міндетіміз. «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ аумағында табиғат байлығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 3 филиал (Сарқан, Лепсі, Алакөл), сонымен қатар (Аманбөктер, Басқан, Тополевка, Лепсі, Жаланаш, Чернов, Көкжар, Үйгентас) орманшылықтармен, (Тохты және Лепсі) табиғатты қорғау қаумалдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда парк бас директорының 2020 жылғы 11 қарашасындағы №146 бұйрығына сәйкес Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандары аумағындағы мемлекеттік орман қорында «Ұлттық парк аумағында қасақылыққа қарсы іс – шараларды күшейту туралы» бұйрығы шығарылып, мемлекеттік инспекторлардан, және аудандық құқық қорғау органдарынан, шекара қызметкерлерімен өз – ара іс – әрекеттестік жоспарлары құрылып бекітілді. Осыған орай жедел топ құрылып қасақылықтың алдын алу іс – шаралары күнделікті жорықтар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жануарлар дүниесін қасақылықтан қорғау мақсатында парк аумағынадағы кез келген жерлерге фототұзақтарды орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Айта кететін болсақ парк қызметкерлері және учаскелік полиция, шекарашылармен осы уакыт аралыгында 105 жорықтар өкізілді. Нәтижесінде, табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 38-ден астам деректер хаттмалар толтырылып тіркелінді. Атап айтқанда, 33 дана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 380 бабына сәйкес ЕҚТА рұқсатсыз кіргені үшін, 1дана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381 – 1 бабы заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша, 2 дана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370 бабы МОҚ бақташысыз малды жайғаны үшін, 1дана дана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 138 бабымен Арнаулы белгілерді жойғаны үшін жеке тұлғаларға хаттама толтырылды. Құралы және басқа да айғақ заттар алынды.Толтырылған хаттамалар бойынша салынған айыппұл соммасы 234 584 теңге, келтірілген залал соммасы 204 372 теңгені құрады. Жауапқа тартылып айыппұл салынып жатса да заңсыз, құжатсыз өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қол сұғу тыйылар емес. Ағымдағы жылдың соңына дейін де қасақылыққа қарсы іс-шаралар ұлттық табиғи паркте кең көлемде жалғасын таба бермек. Ескерте кетсек ЕҚТА – та заңсыз аң аулауға, балық аулауға, басқа да табиғат заңнамаларының сақталмауына өрескел бұзушылықтары орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 337 бабы (заңсыз аңшылық), 338 бабы (Жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бұзу), 339 бабы (Өсімдіктер және жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай – ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу), 340 бабы (заңсыз ағаш кесу) баптары бойынша қатаң түрде жауапкершіліке тартылатындарыңызды ескертеміз. Ата Заңымыздың 38-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті деп жазылған. Осыған орай табиғат байлығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтауға, санын молайтуға үлес қосу – баршаның міндеті.

«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Орманды қорғау және сақтау инженері С. Ержанов

   Шыршаны бірге қорғайық!

   Жоңғар Алатауы РММ аумағында қылқан жапырақты жас шыршаларды заңсыз кесуден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, «2020 жылдың жаңа жылдық кезеңінде қылқан жапырақты жас шыршаларды қорғауды күшейту туралы» бұйрық шығарылды. 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік инспекторлар қатарынан 4 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, негізгі жолдарда автокөлікті тексеруді тіркеу журналын жүргізе отырып, кезекшілік ұйымдастырылды. 4 бақылау бекеті жұмыс атқаруда.

  ҚР Үкіметінің 31.05.2007 ж. № 441 қаулысына сәйкес жаңа жылдық шыршаны заңсыз кескені үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, сонымен қатар әрбір кесілген шырша үшін 15 АЕК шығын есептеледі. Осыған байланысты, Сізден табиғаттың досы болып, мерекені өзіңізге және жақындарыңызға бүлдірудің қажеті бар ма деп ойлаңыз. Қылқан жапырақты тұқымдықтардың жас шыбықтарын заңсыз кесу фактілері анықталған жағдайда 87283922425немесе 87283921201телефон нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз.

«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ Орманды қорғау инженері С. Ержанов